Start Uncategorized ШЕТЕЛДІК АНАЛОГТАРДАН АРЗАН: ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҒАЛЫМДАР ҚЫСТА ЖОЛДЫ ҚАУІПСІЗ ТАЗАЛАЙТЫН «МҰЗЖАРҒЫШ» ОЙЛАП ТАПТЫ

ШЕТЕЛДІК АНАЛОГТАРДАН АРЗАН: ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҒАЛЫМДАР ҚЫСТА ЖОЛДЫ ҚАУІПСІЗ ТАЗАЛАЙТЫН «МҰЗЖАРҒЫШ» ОЙЛАП ТАПТЫ

Шығыс Қазақстан техникалық университетінің ғалымдары қысқы уақытта жолдар мен тротуарларды тазалауға арналған құрылғы ойлап тапты. Қар тазалаудың жаңа әдісі жолдар мен тротуарларды зақымдамайды және адамдарды тайғанап құлаудан сақтайды. Отандық өнім осыған дейін қолданыста болған шетелдік аналогтарға қарағанда бірнеше есе арзан. «Коммуналдық қызметтердің жұмысында ең қиыны – асфальттағы мұздың соңғы қабатын алу. Егер оны қазып немесе кесіп алсақ, онда жол төсенішіне зақым келуі мүмкін. Соның кесірінен асфальт нашарлап, пайда болған жырыққа су жиналуы мүмкін. Ал су жол бетін бүлдіріп тастайтыны анық.Яғни, біз мұздан да толық құтылмадық, жол төсенішін де сақтап қала алмадық. Алдымызда жол жабынын сақтап, мұзды сындыру міндеті тұрды. Сол үшін мұзжарғышты ойлап тауып, құрастырдық. Мұзды толығымен сындыратын күштер мен режимдер есептеліп, жолдың немесе жаяу жүргінші жолының беті толығымен аман сақтап қалдық», – дейді Д.Серікбаева атындағы ШҚТУ машина жасау мектебінің профессоры, техника ғылымдарының докторы, Михаил Дудкин. Дудкин мұқият тазалау әдісін жаппай қолдану жыл сайынғы жолдарды жөндеуге бюджет шығындарын азайтуға ықпал ететінін атап өтті. Сонымен қатар, өнертабыстың өзі арзан жоба саналады. «Конструкция үлкен шығындарды қажет етпейді және жол щеткасымен бірге оңай жұмыс істей береді, яғни жұмыс механизмінің өзі ғана ауыстырылады. Бұл құрылғының бағасын айтарлықтай төмендетеді», – дейді ғалым.

ДЕШЕВЛЕ ЗАРУБЕЖНЫХ АНАЛОГОВ: КАЗАХСТАНСКИЕ УЧЕНЫЕ ИЗОБРЕЛИ ЛЕДОКОЛ ДЛЯ БЕЗОПАСНОЙ ОЧИСТКИ ДОРОГ В ЗИМНЕЕ ВРЕМЯУченые из Восточно-Казахстанского технического университета изобрели высокоэффективное и энергосберегающее оборудование для очистки дорог и тротуаров в зимнее время. Оно сохраняет поверхность дорог и тротуаров и защищает людей от падений. При этом отечественная разработка в разы дешевле зарубежных аналогов, которые применялись ранее. «Самое трудное в работе коммунальных служб – убрать последнюю пленочку льда, которая находится на асфальте. Когда ее убирают фрезерными машинами, которые копают или режут, портится несущее полотно асфальта. В возникающие трещины попадает вода, которая раскалывает асфальт, и тогда мы добиваемся двойного негатива – ни лед не убрали, ни асфальт не сохранили. Соответственно задача состояла в следующем: как разбить лёд и сохранить при этом дорожное покрытие. Был придуман и сконструирован ледоскалыватель, и рассчитаны сила и режим, при которых лед разбивался полностью, а поверхность дороги или пешеходной дорожки оставалась целой“, – рассказывает доктор технических наук, профессор Школы машиностроения ВКТУ им. Д.Серикбаева Михаил Дудкин.М. Дудкин отмечает, что массовое использование более бережного способа очистки будет способствовать сокращению расходов из бюджета на ежегодный ремонт дорог. При этом само изобретение является недорогим проектом. «Конструкция не требует больших затрат и может быть легко скооперирована с дорожной щеткой, что усиливает ее ценность», – поделился ученый.На сегодняшний день интерес к отечественной научной разработке проявили и другие компании. Теперь ученые работают над адаптацией машин для использования их функций в летне-осенний период.