Start Uncategorized Білім және ғылым министрлігінің осы аптадағы жаңалықтар топтамасы

Білім және ғылым министрлігінің осы аптадағы жаңалықтар топтамасы

Асхат Аймағамбетов Ақмола және Қарағанды облыстарына барды. Министр Тайтөбедегі ауылдық мектептің жай-күйімен танысып, материалдық-техникалық базасын көрді. Мектеп кітапханасындағы кітап қорын толықтыру қажеттілігін айтып, мектеп асханасының жұмысымен танысты. Сондай-ақ, Асхат Аймағамбетов Қосшыда салынып жатқан мектепке барып, әкімдік өкілдеріне құрылысты сапалы әрі қысқа мерзімде аяқтауды тапсырды. Ал Қарағандыда математика пәні мұғалімдерінің республикалық съезі өтті. Жиын барысында маңызды шешімдер қабылданды, ол жайында министр өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.Отандық ғылым саласындағы серпіліс.Қазақстандық ғалым тін жасушаларын пайдалану арқылы күрделі сынықтарды емдеудің бірегей технологиясын ойлап тапты. Вячеслав Огай сынған немесе зақымдалған тізе буындарын емдеуді жеделдететін гидрогель жасады. Клиникаға дейінгі зерттеулердің нәтижесі препараттың тиімділігі жоғары екенін растады. Жақын арада біз гидрогель пайдаланылған алғашқы операцияның нәтижесін жариялаймыз.Енді жоғары білім саласындағы мамандарға көшейік. Қазақстандық оқытушылардың қатары практик мамандармен толығып, күшейіп жатыр. Оқу жылы басталғалы жоғары оқу орындарына 350 кәсіби шебер келді. Олардың арасында танымал журналистер, тәжірибелі дипломаттар, халықаралық компаниялардың өкілдері мен өндіріс басшылары да бар. Білім және ғылым министрлігінің заңнамалық түзетулерінің арқасында университеттер енді кадр мәселесіне алаңдамай, жұмыс берушілердің сұранысы негізінде студенттерді оқытуға саладағы практик мамандарды шақыра алады.Абайлаңыздар, университеттер жабылды! Қазақстандық үш университет сот шешімімен жабылды. Олар – Орталық Азия университеті, Ақтау гуманитарлық-техникалық университеті және Астана университеті. Министрлік сапалы білім беруді талап етеді. Сондықтан өрескел заңбұзушылықтар анықталған болса, университеттерге алдымен екі мәрте «сары қағаз» көрсетіледі, яғни білім сапасын жақсартуға уақыт беріледі. Талап орындалмаса, университет «қызыл қағаз» алып, жұмысын тоқтатады.Себебі, шынайы әрі сапалы білім дипломнан маңыздырақ.Біз таланттарды іздейміз!Өткен жылы қазақстандық мектеп оқушылары халықаралық олимпиадаларда рекордтық медаль жеңіп алғаны естеріңізде ме? Осы күндері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Дарын» орталығы аудандық олимпиадалар өткізіп жатыр. Жарысқа 291 ауданнан 100 мыңға жуық оқушы қатысуда. Алғашқы іріктеуден өткендер үшін зияткерлік сайыстың деңгейі өсіп, республикалық кезеңге дейін жетеді. Одан әрі жеңімпаздар әлемдік аренада еліміздің намысын қорғап, дүниежүзіне білімдерін паш етеді. Айтпақшы, цифрландыру дәуірі аудандық және облыстық олимпиадаларды да айналып өтпеді. Зияткерлік сайыстар биыл алғаш рет электронды форматта өтіп жатыр. Бұл білім жарысының ашықтығын қамтамасыз етеді.Білім және ғылым министрлігінің апталық жаңалықтарына шолу осындай.

Краткий дайджест новостей МОН за неделюНа неделе Асхат Аймагамбетов посетил Акмолинскую и Карагандинскую области. Он ознакомился с состоянием сельской школы в Тайтобе, осмотрел материально-техническую базу, указал на необходимость пополнения книжного фонда в школьной библиотеке и ознакомился с работой школьной столовой. Также Асхат Аймагамбетов посетил строящуюся школу в г.Косшы, после чего поручил представителям акимата качественно и в кратчайшие сроки завершить ее строительство. А в Караганде состоялся республиканский съезд учителей математики. По итогам приняты важные решения, о которых министр напишет в своих социальных сетях. Прорыв в сфере отечественной науки. Казахстанский ученый разработал уникальную технологию восстановления сложных переломов путем применения стволовых клеток. Вячеслав Огай изобрел гидрогель, который ускоряет заживление переломов и повреждённых коленных суставов. Результаты доклинических испытаний подтвердили высокую эффективность препарата. Совсем скоро мы сообщим об итогах первой операции с применением данного гидрогеля! Теперь перейдем к специалистам в сфере высшего образования. Ряды казахстанских преподавателей усиливаются и пополняются специалистами-практиками. С начала учебного года в вузы пришли 350 действующих профессионалов своего дела. Среди них и именитые журналисты, и опытные дипломаты, и представители международных компаний, и руководители предприятий. Благодаря законодательным поправкам МОН, вузы теперь могут не переживать о штатности, а чаще приглашать на работу людей, которые обучат студентов исходя из запросов работодателей. Осторожно, вузы закрываются! Три казахстанских вуза-аутсайдера закрыты по решению суда. Это Центрально-Азиатский университет, Актауский гуманитарно-технический университет и Университет «Астана». Министерство выступает за предоставление качественного образования. Поэтому вузам при выявлении грубых нарушений сначала дважды дается «желтая карточка» – то есть, время для того, чтобы улучшить это самое качество обучения. Если необходимая работа не проводится – университет получает «красную карточку» и выбывает. Потому что реальные знания важнее корочки дипломов. Мы ищем таланты! Помните, в прошлом году казахстанские школьники завоевали рекордное количество медалей на Международных олимпиадах? Сейчас центр «Дарын» при МОН РК проводит районные олимпиады. В них принимают участие почти 100 тысяч школьников из 291 района. Дальше интеллектуальные старты будут все масштабнее и дойдут до странового уровня. Затем победители отправятся защищать честь республики и демонстрировать свои знания на мировой арене. Кстати, эра цифровизации коснулась проведения районных и областных олимпиад: они впервые пройдут в электронном формате. Это обеспечит прозрачность их прохождения.