Start Uncategorized Қазақстанда оқу жылының басынан мектеп кітапханаларының қоры екі миллион көркем әдебиетпен толықтырылды

Қазақстанда оқу жылының басынан мектеп кітапханаларының қоры екі миллион көркем әдебиетпен толықтырылды

2020 жылы елімізде Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Оқуға құштар мектеп» жобасы басталды. Оған мектеп кітапханаларын көркем әдебиетпен қамтамасыз ету, оқушыларды кітап оқуға тарту үшін іс-шаралар өткізу, кітапханаларда қолайлы жағдай жасау, жөндеу және жабдықтау, кітапханашылардың біліктілігін арттыру сияқты бірқатар шаралар кіреді. Бірқатар мектептер күн сайын міндетті түрде 20 минут кітап оқуды дәстүрге айналдырды. Мектеп кітапханаларының жанынан 440 заманауи коворкинг-орталық ашылып, жұмыс істеп жатыр. Көптеген қазақстандық жоғары оқу орны кітапханаларын автоматтандырады және қайта жабдықтайды. Бұл бағытта белсенді жұмыс студенттерге кітап іздеу және алу бойынша ыңғайлы сервис ұсыну, сондай-ақ кітапханашыларға кітапхана қорымен жұмыс істеу үшін ыңғайлы құрал жасау үшін жүргізіледі.Енгізіліп жатқан жаңашылдықтар оқырман санын арттыруға, қызмет көрсету сапасын жақсартуға және жұмыс уақытын қысқартуға мүмкіндік берді. Мысалы, жаңа технологияларды енгізудің және ЖОО-ның қалалық мектептермен белсенді жұмысының арқасында Қарағанды техникалық университетінде оқырман саны 17 мыңға дейін артты. Торайғыров университетінде студенттердің кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында кітапханада ауданы 1560 м2 коворкинг-орталық, конференц-зал және студенттерге арналған демалыс аймағы ашылды. «Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының, мектептер мен колледждердің алдына білім алушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру, мектептермен жұмысты жандандыру, жағдайды жақсарту және қажетті ақпаратты іздеудің тиімді жолдарын қамтамасыз ету міндетін қойды. Сондықтан қазір ЖОО-лар автоматтандырылған жүйелер мен өзгерістер енгізу, талаптарға сәйкес жүйелерді пысықтау және персоналды оқыту бойынша шаралар қабылдап жатыр. Сонымен қатар университеттер кітапхана қорын жаңа басылымдармен толықтырып жатыр. Ең бастысы, университет кітапханалары мектеп оқушылары үшін ашық болады. Медиаресурстар саны да артты – электронды оқулықтар, энциклопедиялар, әдістемелік құралдар және басқа да әдебиеттер көбейді. Электрондық кітапханалардың толық мәтінді және мультимедиялық ресурстары, соның ішінде Web of Science және Scopus халықаралық базалары қолжетімді болды. Бұл шаралар студенттеріміз үшін барлық жағдайды жасау үшін қабылданып жатыр», – деді Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.Оқуға құштар ұлт – нақты мерзімде орындалатын тағы бір мақсат. БҒМ атқарып жатқан жұмыстардың арқасында қазірдің өзінде сапалы өзгерістер енгізіле басталды.

Грамотность, богатый словарный запас и способность путешествовать во времени и пространстве – вот малая часть всех плюсов чтения. Мы хотим, чтобы читательский мир был открыт для всех школьников и студентов нашей страны. Так, по поручению Главы государства в 2020 году в Казахстане стартовал проект «Читающая школа». Он включает целый комплекс мер: обеспечение школьных библиотек художественной литературой, проведение мероприятий для приобщения школьников к чтению, создание комфортных условий в библиотеках, ремонт и оснащение библиотек, повышение квалификации библиотекарей. Большинство школ ввело в практику ежедневное 20-минутное обязательное чтение книг. При школьных библиотеках работают 440 современных коворкинг-центров.Многие казахстанские ВУЗы также автоматизируют и переоснащают свои библиотеки. Это гарантирует студентам комфортный сервис по поиску и получению книг, а также создание удобного инструмента для работы библиотекарей с библиотечным фондом.Все внедряемые новшества позволили увеличить число читателей, улучшить сервис и сократить время оказания услуг. К примеру, благодаря активной работе Карагандинского технического университета с городскими школами, количество читателей увеличилось до 17 000 человек.В Торайгыров Университете для повышения интереса студентов к чтению в библиотеке открыли коворкинг-центр площадью 1560 м², конференц-зал и зоны отдыха для студентов.«Министерство образования и науки поставило перед вузами, школами и колледжами задачу повысить интерес обучающихся к чтению, активизировать работу со школами, улучшить условия и обеспечить удобный поиск нужной информации. Поэтому сейчас вузы принимают меры по внедрению автоматизированных систем, внесению изменений, доработке систем в соответствии с требованиями и обучению персонала. Также вузы пополняют библиотечный фонд новыми изданиями. Самое важное – это то, что вузовские библиотеки становятся открытыми для школьников. Стало больше и медиаресурсов – электронных учебников, энциклопедий, пособий и другой литературы. Обеспечен доступ к полнотекстовым и мультимедийным ресурсам других электронных библиотек, в том числе и к международным базам Web of Science и Scopus. Эти меры принимаются для того, чтобы создать все условия для наших студентов», – отметил вице-министр образования и науки Куаныш Ергалиев.Читающая нация – это еще одна цель с конкретным сроком исполнения и благодаря усилиям МОН, качественные трансформации уже начались.