Start Uncategorized ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖОО-ЛАР МЕН ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТТАРЫ КАДРЛАРДЫ ДАЯРЛАУ БОЙЫНША ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ...

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖОО-ЛАР МЕН ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТТАРЫ КАДРЛАРДЫ ДАЯРЛАУ БОЙЫНША ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙДЫ

Қазақстандық жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары кадрларды даярлау бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Бұл білім беру саласында зерттеу нәтижелерін қолдануды күшейтеді, ғылыми-зерттеу әлеуетін дамытуға ықпал етеді, сонымен қатар мамандардың бәсекеге қабілеттілігін арттырады.Келісімшарттарға Алматыда өткен университеттер мен ғылыми-зерттеу институттарының форумында қол қойылды. Шараға Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қатысты.«Бізге ғылым және білім саласының арасында тығыз, ауқымды және көпжақты байланыс орнату қажет. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, әлем бойынша жетекші елдер ғылым мен білім саласын тиімді біріктіре алды. Бұл тәжірибе қазақстандық білім және ғылым жүйесі үшін де маңызды. Енді біздің университеттер ғылыми-зерттеу институттарымен бірлесіп, ғылыми кадрларды даярлауды бірлесе жүзеге асыратын болады. Аталған жобаны жүзеге асыру жоғары білім және ғылыми саласын, ғылыми-зерттеу институттарының әлеуетін арттыруға серпін береді», – деді Асхат Аймағамбетов өз сөзінде. Асхат Аймағамбетов отандық жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары арасында бірлескен жұмыс қазірдің өзінде жүргізіліп жатқанын айтты. Мысалы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтымен бірлесіп «Вирусология» жаңа бағдарламасын жасап, бірлескен диссертациялық кеңес ашты.Бүгін қабылданған шешім аясында жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары маман дайындауға қажетті 500-ден астам білім беру бағдарламасын жасайды. Бұл ғылыми зерттеу нәтижелерін білім беру бағдарламаларында пайдалануға мүмкіндік береді.Сондай-ақ студенттермен соңғы ғылыми жетістіктермен бөлісу мақсатында ғылыми-зерттеу институттарының 300-ден астам ғалымы жоғары оқу орындарында дәріс оқу, сабақ беру, ғылыми жұмыстар мен диссертацияларға жетекшілік етіп, рецензия жазу жұмыстарына тартылады. Бұдан бөлек бірлесе маман дайындау үшін ғылыми-зерттеу институттарының зертханалары магистранттар мен докторанттарға, ал оқу орындарының зертханалары институт қызметкерлеріне қолжетімді болады.Олар Ұлттық ядролық орталық, Ядролық физика институты, Ұлттық биотехнология орталығы, Биологиялық қауіпсіздік институты және тағы да басқа теңдессіз ғылыми зертханаларда жұмыс істеп, тағылымдамадан өте алады.Сондай-ақ жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының қызметкерлерінен жасақталған жүзден аса диссертациялық кеңес ашылады. Осыған дейін ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары диссертациялық кеңестердің жұмысына қажетті деңгейде жұмылдырылмаған болатын.Қабылданған шаралар ғылыми зерттеу сапасы мен ғылыми кадрларды дайындаудың тиімділігін арттырып, ғылымға талантты жастарды тартуға оң ықпал етеді.

КАЗАХСТАНСКИЕ ВУЗЫ И НАУЧНО-ИССЛЕДОВАТЕЛЬСКИЕ ИНСТИТУТЫ БУДУТ ПРОВОДИТЬ СОВМЕСТНЫЕ ИССЛЕДОВАНИЯ И ВЕСТИ РАБОТУ ПО ПОДГОТОВКЕ КАДРОВ

Казахстанские вузы и научно-исследовательские институты подписали соглашения о сотрудничестве. Это позволит усилить применение результатов научных исследований в образовательной среде, будет способствовать развитию исследовательского потенциала, а также повысит конкурентоспособность специалистов.Подписание договоров состоялось в ходе форума вузов и научно-исследовательских институтов в г. Алматы. В мероприятии принял участие Министр образования и науки Асхат Аймагамбетов.«Нам необходима тесная, масштабная и многосторонняя интеграция научной и образовательной деятельности. Мировой опыт показывает, что страны-лидеры сумели достаточно эффективно интегрировать науку и образование. Эта практика актуальна и для казахстанской системы образования и науки. Теперь и наши вузы совместно с НИИ будут осуществлять совместную подготовку научных кадров. Реализация данного проекта придаст импульс развитию системы высшего образования, научной деятельности и наращиванию потенциала научно-исследовательских институтов», – отметил в своем выступлении Асхат Аймагамбетов.Асхат Аймагамбетов добавил, что примеры совместной работы между отечественными вузами и НИИ уже имеются. К примеру, Казахским национальным университетом им. аль-Фараби совместно с Научно-исследовательским институтом проблем биологической безопасности разработана новая программа «Вирусология», и открыт совместный диссертационный совет.В рамках сегодняшних решений вузы и НИИ совместно разработают более 500 образовательных программ для подготовки кадров. Это позволит обеспечить применение результатов научных исследований в образовательных программах.В целях передачи передовых научных знаний студентам будут привлечены более 300 ученых НИИ для чтения лекций и ведения занятий, рецензирования и руководства их научными проектами (работами) и диссертациями в вузах. До этого большинство ученых НИИ не были задействованы в преподавательской работе в вузах.Также для совместной подготовки кадров будет обеспечен доступ магистрантов и докторантов к лабораториям научно-исследовательских институтов, а также сотрудников НИИ к лабораториям вузов.Они смогут работать и проходить стажировку в уникальных научных лабораториях Национального ядерного центра, Института ядерной физики, Национального центра биотехнологий, Института биологической безопасности и др.Также будут открыты более ста совместных диссертационных советов, в состав которых войдут как работники вузов, так и НИИ. До этого времени ученые НИИ не были должным образом задействованы в работе диссертационных советов.Ожидается, что все принятые меры повысят качество научных исследований, эффективность подготовки научных кадров и помогут привлечь в науку талантливую молодежь.