Start Спорт ТҮРКІСТАН: ВОЛЕЙБОЛДАН ІРІКТЕУ ЖАРЫСЫ БАСТАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ВОЛЕЙБОЛДАН ІРІКТЕУ ЖАРЫСЫ БАСТАЛДЫ

Ел Тəуелсіздігінің 30 жылдығына орай Түркістан облысының №3-ші олимпиадалық спорт мектебінің волейболдан ашық біріншілігі басталды. Байрақты бəсекеге облысымыздың аудандарынан ең тəжірибелі деген 8 команда қатысып, жүлделерді сарапқа салуда. Жарыстың негізгі мақсаты – мықты волейболшыларды іріктеп, 22-29 наурыз аралығында Талдықорған қаласында өтетін республикалық сайысқа қатыстыру. Облыс біріншілігінің салтанатты ашылу рəсімінде сөз алған Түркістан қаласының, Отырар ауданының құрметті азаматы, спорт ардагері Үмбет Жүсіпбаев жерлестерімізге жақсылық тіледі. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының спорт қайраткері Марат Божбанбаев арнайы қатысып, спортшыларға сəттілік тіледі. Бұл жарысты жоғары деңгейде ұйымдастыруған облыстық №3-ші олимпиадалық спорт мектебінің директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Шадияр Қондыбаев түркістандық жастардың волейбол спортына деген қызығушылық танытып жатқан қаракөздеріміздің қатары күн санап артып келе жатқанымен даму деңгейі жайында өз пікірін білдірді. Сонымен қатар, елімізге танымал талантты спортшыларды əсіресе аудан, ауылды жерлерден бапкерлер тəрбиелеу қажет. Жарыста тамаша өнерімен көпшілікті тəнті еткен Жақсылық Алпамыс үздік волейболшы атанды. Жарыста топ жарғандар республикалық чемпионатта облыс намысын қорғайтын болады.