Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Жетісай ауданнының әдами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты «С.Сейфуллин атындағы № 29 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде әсерлі кездесу болып өтті. Мектеп оқушылары байрақты бәсекелерде еліміздің намысын қорғап жүрген бір топ спортшылармен кездесті. Кездесуге ұлттық спорт түрі «Жекпе-жекпен» айналысатындар келді. Қонақтарды Түркістан облысы бойынша ұлттық спорт «Жекпе-жек» федерациясының президенті, фелерацияның аға жаттықтырушысы, осы Сейфуллин ауылының тумасы Азиз Анетов бастап келді. Сондай-ақ, қонақтар қатарында жақында Өскемен қаласында өткен Қазақстан Республикасы чемпионатының жеңімпазы, Азия чемпионатының күміс жүлдегері, халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін жүлдегері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Махсуда Джапарова (Мақтарал ауданы), федерацияның жаттықтырушысы Шариф Давронов, жастар арасында республика чемпионатының күміс жүлдегері, әлем кубогының жеңімпазы Нұржігіт Бексұлтан (Сарыағаш ауданы), федерацияның жаттықтырушысы, спорт шебері Жолдас Рауан (Жетісай ауданы), Қызылорда облыстық ұлттық спорт түрі «Жекпе-жек» федерациясының жаттықтырушысы Бексултан Тұрсынов және спортшылардың демеушілері Жорабай Саидовпен Алиакбар бауырымыз болды. Кездесу барысында қонақтар өздері жайлы, қалай спортқа келгендері, қалай «жекпе-жекке» келгендері туралы айтып берді. Өз өмірлерінде, жарыстарда болған қызықты сәттерімен бөлісті. Қонақтар сонымен бірге алдағы жоспарларын айтты. Сондай-ақ, көрермендерді қызықтырған сұрақтарға жауап берді, жекпе-жектің бірнеше әдістерін көрсетіп, осы спорт түріне қызыққандарға өз ақыл-кеңестерін берді. Кездесу барысында мектеп оқушылары қонақтарға әсем әндер шырқап, өнерлерін тарту етті. Кездесу соңында спортшыларға мектеп ұжымы атынан естелік сыйлықтар беріліп, алғыс хаттар табысталды. Спортшылар мектеп оқушыларымен естелік сүреттерге түсті. Сүретке түсіп жатып, жауынгер қызымыз Махсуда «менің белдігімді алып түсіңіз, бұл белдікті алуда сіздің де үлесіңіз бар, маған демеушілік жасағаныңыз үшін сізге алғыс» деп, бір марқайтып тастады. Кездесу аяқталғаннан кейін спортшылармен бүгінгі күнгі білім, тәрбие, еңбек, спорт туралы әңгіме өрбіттік. Өмірімізде бір-бірімізді бірінші рет жүзбе-жүз көріп тұрсақта, жүз жылдан бері таныс адамдардай емін-еркін сөйлестік, алдағы уақытта қарым-қатынасымызды нығайта түсуге келістік. Түркістан облыстық федерацияның президенті Анетов Азиз өзі туып өскен ауыл балаларына спорттың осы түрін үйрету ойында бар екенін айтты. Алтын уақыттарын қиып, жас ұрпақтың спортқа деген қызығушылығын арттыруға қосқан үлестері үшін қонақтарға, сонымен бірге кездесудің әсерлі де мағыналы өтуіне үлес қосқан әріптестеріме шексіз алғыс білдіремін.