ҚР Мәдениет және спорт министрлігі „Әзірет Сұлтан“ мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі“ РМҚК ұжымы Мақтаарал ауданының тұрғындарына көмек ретінде бір күндік жалақыларын аударды.
- „Әзірет Сұлтан“ қорық – музейі ұжымы су тасқыны салдарынан қиын жағдайға душар болған мақтааралдық тұрғындарға қол ұшын созу мақсатында бір күндік жалақыларын аударуға бірауыздан шешім қабылдады. Төтенше жағдайда жапа шеккен тұрғындарға сабыр тілейміз“,- деді қорық-музей директоры Нұрболат Ахметжанов.