Start Мәдениет ТҮРКІСТАНДА ФАРИЗА ОҢҒАРСЫНОВА АТЫНДАҒЫ КӨРКЕМСӨЗ ОҚУ ШЕБЕРЛЕРІНІҢ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА ФАРИЗА ОҢҒАРСЫНОВА АТЫНДАҒЫ КӨРКЕМСӨЗ ОҚУ ШЕБЕРЛЕРІНІҢ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Бүгін Түркістан облыстық Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен қазақ ақыны, халық жазушысы, журналист Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына орай көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы өтті.

Ақын шығармашылығының өміршеңдігін дәріптеуге арналған додаға аудандық, қалалық байқаулардың жеңімпазы атанған 16 үміткердің 13-і қатысты.

Байқаудың мақсаты – Фариза Оңғарсынованың шығармаларын насихаттау, көркемсөз оқу шеберлерін анықтау, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, халық арасынан талапты және талантты жастарды табу болып табылады.

Қазылар алқасының шешімімен бас жүлдеге Отырар ауданынан Өтеген Нұрдәулет Асхатұлы лайық деп танылса, бірінші орын Сарыағаш ауданынан Махсұтхан Үздік Көбейқызына, екінші орын Жетісай ауданынан Бейсенбай Гүлжайна Ержанқызына, үшінші орын Кентау қаласының үміткері Малтабарова Нұрсәуле Әләйдарқызына берілді.

Барша жеңімпаздар мен қатысушылар бағалы сыйлықтар және арнайы алғыс хаттармен марапатталды.