Start Мәдениет ТҮРКІСТАНДА „AMANAT MUSIC – 2019“ ІІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНКУРС-ФЕСТИВАЛІНІҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА „AMANAT MUSIC – 2019“ ІІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНКУРС-ФЕСТИВАЛІНІҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

Бүгін Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қаласының сазды-драма театрында ҚР еңбек сіңірген қайраткері, сазгер, әнші Сәуле Жанпейісованың ұйымдастыруымен „AMANAT music – 2019“ ІІ Халықаралық конкурс-фестивалінің іріктеу кезеңі өтті. Байқауға 5-21 жас аралығындағы өнерге ынталы, талантты жастар қатысты. ⠀
6 номинация бойынша өткізілген байқауды қорытындылай келе қазылар алқасы:
– Ұлттық би өнері номинациясы бойынша Бас жүлдені Сайрам ауданынан келген „Самғанұр“ би тобына берсе, 1 орынды Түркістан қаласы „Шолпан“ балабақшасының бүлдіршіндерінен құралған „Самға“ би тобы еншіледі.
– Вокал номинациясы бойынша 16-21 жас аралығындағы қатысушылардан Бас жүлдені – Түркістан қаласының „Угай“ дуэті,1 орынды – Созақ ауданынан келген Қойшыбай Аяулым иеленді. Ал, 5-7 жас аралығындағы қатысушылардан Бас жүлдені – „Амина“ балабақшасынан Асылхан Айбике, 1 орынды – „Балбөбек“ балабақшасынан Сейділда Нұршат қанжығаларына байлады.