Start Басты жаңалықтар ПЕРЗЕНТ МЕРЕЙІ – ЕЛ МӘРТЕБЕСІ

ПЕРЗЕНТ МЕРЕЙІ – ЕЛ МӘРТЕБЕСІ

Бүгін Түркістан облысы Түркістан қаласында 1-маусым – Балаларды қорғау күні мерекесіне орай «Біз бақытты баламыз!» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды. Мәдениет үйінде өткен шара алдымен «Бар жақсылық – балаларға!» тақырыбымен мүмкіндігі шектеулі жеке үйде оқытылатын оқушылар мен ата-ана қамқорлығындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға көлікпен арнайы сыйлықтар жөнелтілді.
Бүлдіршіндер асыға күткен мейрамның ашылуында қала әкімінің орынбасары Ерсұлтан Ахметов құттықту сөз сөйлеп, оқушыларға шаһар басшысының атынан сый-сияпаттар жасады.


«Балдырғандарымызды Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Кейінгі жылдары Түркістан қаласында 20-ға жуық жаңа білім ұясы бой көтерді. Сонымен бірге, Тәуелсіздік жылдары ішінде жалпы саны 30-ға жуық балабақша ғимараты салынды. Соның басым бөлігі соңғы 5-6 жыл ішінде бой көтерді. Қаламызда балалардың сауықтыру лагерьлері жаз бойына жұмыс жасап, балалардың демалуына қолайлылық жасалуда. Және де көпқабатты үйлерде тұратын кішкентай бүлдіршіндеріміз үшін биылдан бастап, көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларынан ойын алаңдарын салып жатырмыз. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады»,- деді Ерсұлтан Тасболатұлы.
Шараның негізгі бөлігінде мектеп бітіруші 10 түлекке қаржылай сый-сияпат жасалып, залдағы бүлдіршіндерге сыйлықтар ұсынылды. Сондай-ақ білімділігімен көзге түсіп, оқу озаты атанған және әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан 211 оқушыға жазғы сауықтыру лагерьлеріне жолдамалар берілді. Кеш соңы концерттік бағдарламамен қорытындыланды.

Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Суреттерді түсірген: Нұртас КЕҢЕСБЕКОВ.