Start Мәдениет ОТЫРАРДАН ТҮРКІСТАНҒА ҰЛЫ КӨШ БАРДЫ

ОТЫРАРДАН ТҮРКІСТАНҒА ҰЛЫ КӨШ БАРДЫ

Ұлыстың ұлы күні Наурыз ме­­рекесі қарсаңында облыс ор­та­­лығы Түркістан қаласындағы этноауылға Отырардан өркениет пен мәдениеттің ғажайыптарын арқалаған ұлы көш барды. Әлемге әйгілі ғұлама Әбу Нәсір әл-Фа­раби бабамыз бастаған көштің қатарында жыр алыбы Жамбыл бабамыз, күш атасы Қажымұқан, ән падишасы Ш.Қалдаяқов, этно­граф ғалым Ө.Жәнібековтер және Отырардың әнші-күйші, жыршы өнерпаз жастары да бар. Аты мұсылман әлеміне әй­гілі, сопылық әдебиеттің ірі өкілі, кемеңгер ойшыл, ақын Қожа Ахмет Яссауидің ұстазы, баб­тардың бабы Арыстанбаб баба­­мыз жатқан киелі өлкеден барған бұл көш бос келмеді. Өзі­мен бірге киелі Отырардың әйгілі кітапханасының жауһар­лары мен қолөнер шеберлері­нің қолынан шыққан теңдессіз бұ­йымдарын, ақық тастармен безендірілген ыдыс-аяқ, жез құ­ман, түрлі-түсті көздің жауын ала­­тын әшекейлерін, Ұлы Жібек жолының қалы кілемдері мен бәтес, патсайы, парша, жібек ма­талары мен бұйымдарын алып атақты саудагерлер мен қолынан өнері тамған зергерлер, ісмерлері ере келді.Жан-жағын думанға бөлеп, Нау­рыз тойын тойлауға сүйін­ші­­­леп, жар салып барған оты­рарлық­тар түбі бір түркі ха­лық­­тары­ның рухани астанасы сана­­латын Түркістан қаласының тұрғын­­дарын Ұлыстың ұлы күнімен құт­­тықтап, көршілес ағайындар­ды барымызды қадірлеп, ұлт­тық құн­дылықтарымызды жоғалт­­пау­ға шақырды.Салтанатты шара одан әрі театрландырылған музыкалық композицияға ұласып, отырар­­лық өнерпаздардың әуелете сал­ған әсем әні мен мың бұрал­­ған бишілердің концерттік бағ­дар­ламасымен жалғасты.