Start Мәдениет ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ: ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ БЕСІГІ

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ: ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ БЕСІГІ

Түркі әлемінің бесігі Қазақтардың және Еуразияның басқа да халықтарының тарихында Алтайдың алар орны ерекше. Осынау асқар таулар ға­сырлар бойы Қазақстан жерінің тәжі ғана емес, күллі түркі әлемінің бесігі са­нал­ды. Дәл осы өңірде біздің дәуіріміздің І мыңжылдығының орта шенінде Түркі дүниесі пайда болып, Ұлы дала төсінде жаңа кезең басталды. Тарих пен география түркі мем­ле­кет­тері мен ұлы көшпенділер империялары са­бақтастығының айрықша моделін қа­лыптастырды. Бұл мемлекеттер ұзақ уа­қыт бойы бірін-бірі алмастырып, орта ға­сырдағы Қазақстанның экономикалық, сая­си және мәдени өмірінде өзінің өш­пес ізін қалдырды. Орасан зор кеңістікті игере білген түр­кілер ұланғайыр далада көшпелі және отырықшы өркениеттің өзіндік өрнегін қалыптастырып, өнер мен ғылымның жә­не әлемдік сауданың орталығына ай­нал­ған ортағасырлық қалалардың гүл­денуі­не жол ашты. Мәселен, орта ғасыр­дағы Отырар қаласы әлемдік өркениеттің ұлы ойшылдарының бірі – Әбу Насыр әл-Фарабиді дүниеге әкелсе, түркі ха­лық­тарының рухани көшбасшыларының бірі Қожа Ахмет Яссауи Түркістан қала­сын­да өмір сүріп, ілім таратқан.