Start Мәдениет БІЛГЕНГЕ МАРЖАН: МҮСӘЛЛӘ ҚАҚПАСЫ АТАЛУЫНЫҢ СЫРЫ НЕДЕ?

БІЛГЕНГЕ МАРЖАН: МҮСӘЛЛӘ ҚАҚПАСЫ АТАЛУЫНЫҢ СЫРЫ НЕДЕ?

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мəдени қорық-музейінің құрамындағы Мүсәллә қақпасы – ХІХ ғасырда қызмет көрсеткен сәулеттік құрылыстардың бірі.
Координаттары: 43˚17.751΄, 068˚16.409΄. Теңіз деңгейінен биіктігі – 226 метр. Археологиялық қазба нәтижесінде табылған тарихи-мәдени ескерткіш Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің алдында 150 метр қашықтықта орналасқан.
2009-2010 жылдар аралығында қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Биіктігі – 9,5 метр, ені – 5 метр, жалпы ұзындығы – 26 метр. Қақпа мұнарасының биіктігі – 1,5 метр. Қақпаның бұлай аталу себебі Әзірет Сұлтан кесенесі алдында мейрамдарда намаз оқып, құлшылық жасайтын «мусалла ал-ид» деп аталатын алаңы болған.