Start Қоғам ЖАҢАШЫЛДЫҚҚА ЖАРҚЫН ҚАДАМ

ЖАҢАШЫЛДЫҚҚА ЖАРҚЫН ҚАДАМ


Нақты шешім қабылдар уақытта таяп қалды. АЭС-тың артықшылығын жарыса жазудан , дәлелдеуден , айтудан жалықпаспыз. Еліміздің келешек болашағы үшін батыл шешім қабылдау қажет.Әрі-беріде қазіргі маңызды мәселелеріміздің бірі жарық, электр қуатының жетіспеушілігі, мобильдық жүйелердің басым бөлігі еліміздің біраз тұстарында ақсап тұрғаны тағы бар, атын атап, түстерін түстесек біраз мәселенің басын шалуға болатыны сөзсіз. Әрине осы аталғандардың шешімі АЭС -ты тәуекел етіп, тік тұрғызу. Қарапайым халық мына біз АЭС-тың АТОМ , СТАНЦИЯ деген атынан үрейленеміз, қорқамыз. Дегенмен көз қорқақ , қол батыр деп нақты іске көшер сәт келді. Ескілікке салынбай, жаңашылдыққа қадам басайық. Қаншама елдер, әлем АЭС деп белсене кірісуде. Тіпті көштің алдыңғы тұсы АЭС-ты салып, қолданысқа енгізіпте қойған. Сонда дамып, әлемнің тіл көмейіндегі алпауыт мемлекеттер АЭС- ты тік тұрғызып ақымақ па? Әрине барлығы жан-жақты ойланып, таразылап , зерттеп дәйектеп түйінін қорыта шешім қабылдағаны сөзсіз.Сондықтанда ел болып, бірігіп , бірлесе шешім қабылдар кез келді.