Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметшілер күніне орай шаһар басшысы Нұрбол Тұрашбеков мемлекеттік қызметшілерді арнайы құттықтап, қаламыздың әлеуметтік – экономикалық дамуы жолындағы еңбектеріне шынайы ризашылығын жеткізді.
„Мемлекеттік қызмет – әрбіріңізден жауапкершілікті, жанашырлық пен сабырлылықты талап етеді. Тарихи сәтте Түркістан қаласының көркеюіне үлес қосу баршамыз үшін үлкен бақ деп білемін. Рухани астанамызды гүлдендіру жолындағы бастамаларымыз жемісті болсын, құрметті әріптестер!“, – деді қала басшысы өз құттықтауында.Сонымен қатар, Нұрбол Әбдісаттарұлы мемлекеттік қызмет саласының үздіктерін марапаттады.
Дәл осындай шараны өткізудегі негізгі мақсат – мемлекеттік қызметтің маңыздылығы мен қажеттілігін халыққа жеткізу, мемлекеттік сектордың басқару әлеуетін күшейту және мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру.
Сондай ақ, шара аясында мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған азаматтар Қазақстан Республикасы Конституциясы мен Заңнамасын сақтауға, мемлекетіміздің саяси жүйесін жетілдіріп және халық алдында адал қызмет етуге ант берді.