Start Қоғам ТҮРКІСТАН: ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ЖҰМЫС ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

ТҮРКІСТАН: ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ЖҰМЫС ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

«Nur Otan» партиясы Түркістан қалалық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес жаңа құрамда өз жұмысын бастаған болатын. Бүгін аталмыш кеңес мүшелері арнайы бас қосып, 2021 жылға арналған іс-шаралар жоспарын бекітті.
Әуелі Түркістан қалалық мәслихатының депутаты Ғ.Худияров төрағалық ететін кеңес мүшелерін таныстырып өтсек. Түркістан қаласы әкімдігі, ішкі саясат бөлімінің басшысы Б.Букебаев, Түркістан қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары П.Досыбеков, «Түркістан» қалалық газетінің директор-редакторы М.Дәулетов, «Бітімгер» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Б.Бейсенбаев, Түркістан қалалық мәслихатының депутаты Н.Жусипбаев, қала әкімідігі аппаратының заң бөлімінің басшысы С.Садуахас кеңес мүшелерінің құрамында.
Басқосудың күн тәртібіне іс-шаралар жоспарынан бөлек сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша қолданысқа енгізілген заңнамалық өзгерістер туралы 2020 жылы 19-желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына түсіндірме беру, орындалуын басшылыққа алу және ұсыныстар мен пікірлерге негізделген екі мәселе қойылды.
Осы ретте кеңес өкілдері қоғамдық кеңестің 2021 жылға арналған іс-шаралар жоспарын талқылап бекітті. Айта кету керек, өзара талқыға түскен іс-шара жоспары облыс орталығындағы әлеуметтік мәселелерге негізделген. Соның ішінде денсаулық сақтау, білім, инфрақұрылым және кәсіпкерлік (медицина мекемелерінің халыққа сапалы қызмет көрсетуі, дәрі-дәрмек бағасына талдау, біліс мекемелерінің мемлекет қаржысын тиімді пайдалануы, жол, электр қуаты, табиғи газ, жылу т.б.) салаларындағы тұрғындар үшін өзекті болып тұрған мәселелер қамтылған. Қорыта айтқанда, кеңес мүшелері күн тәртібіндегі мәселерді қарап, алдағы уақтта нәтижелі жұмыс жүргізу барысын пысықтады.