Start Қоғам ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТІК ТЕАТРҒА «ХАЛЫҚТЫҚ” АТАҒЫ БЕРІЛДІ

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТІК ТЕАТРҒА «ХАЛЫҚТЫҚ” АТАҒЫ БЕРІЛДІ

Келес ауданындағы «Күлкі терапиясы» әзіл-сықақ театрына ҚР Мәдениет және Ақпарат министрінің Бұйрығымен «Халықтық» театр атағы берілді. -Өнер ұжымы 2018 жылдан бері көрермен көңілінен шыққан қойылымдар ұсынып келеді. Театрдың «Халықтық» атауын алуына сеп болған жайттың бірі – Қостанай облысында жыл сайын сатирик-жазушы, этнограф-ғалым Сейіт Кенжеахметов атындағы «Мірдің оғы» атты республикалық әзіл-сықақ театрының фестивалі болды. Биыл төртінші рет өткізілген байқауға 12 театр ұжым қатысқан болатын. Түркістан облысының намысын Келес ауданының «Күлкі терапиясы» театры қорғап, бас жүлдені жеңіп алды. Осыдан кейін ұсыныс түсіп, ресми түрде «Халықтық театр» атандық, – дейді Келес аудандық мәдениет үйінің ұйымдастырушысы Асқар Садыханов.Театрдың ерекешелігі – әртістердің арасында экономист, аккомпаниатор сынды өзге саланың да мамандары бар. Бүгінде өнер ұжымының «Дәрігер», «Мектеп,» «Лунатик» «Шипажай», «Соғыс ардагері» сынды интермедиялар көрерменнің көңілінен шығып үлгерген.