Start Басты жаңалықтар ТҮРКІСТАН: ДИРЕКТОРЛАР КАБИНЕТТЕРІН ТӨМЕНГІ ҚАБАТҚА КӨШІРІП ЖАТЫР

ТҮРКІСТАН: ДИРЕКТОРЛАР КАБИНЕТТЕРІН ТӨМЕНГІ ҚАБАТҚА КӨШІРІП ЖАТЫР

Түркістан облысында барлығы 606 мемлекеттік орган жұмыс істейді. Оның 445-і жергілікті атқарушы және 161-і орталық органдардың аумақтық департаменттері. Бұл туралы Түркістан облысы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингтеҚазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Ғалым Тұрсынбаев мәлімдеді. Сондай-ақ баспасөз мәслихатында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Түркістан облыстық филиалының директоры Жанат Момынқұлов филиал тарапынан 2019 жылғы 1-жартыжылдық есебі туралы толығырақ баяндама жасады.

Соңғы алты айда департамент тарапынан 32 тексеру жүргізіліп, 1 558 құқықбұзушылық анықталды. Заңсыздықтарды жою мақсатында 98 ұсыныс енгізіліп,20 қызметкерге тәртіптік жаза қолданылды. Ал 9 лауазымды тұлғаға әкімшілік тарапынан іс қозғалған. Нәтижесінде 231 300 теңге айыппұл өндірілді.