Start Қоғам ТҮРКІСТАН: ДЕПУТАТТАР ҮЙ АРАЛАП, БАҒДАРЛАМАНЫҢ ОРЫНДАЛУ БАРЫСЫН БАЯНДАП ЖҮР

ТҮРКІСТАН: ДЕПУТАТТАР ҮЙ АРАЛАП, БАҒДАРЛАМАНЫҢ ОРЫНДАЛУ БАРЫСЫН БАЯНДАП ЖҮР


Қоғамда депутаттар сайланып алған соң сайлаушыларға төбесін көрсетпейді, уәдені беріп, орындамайды деген пікірлер айтылып қалып жатады. Дегенмен «Nur Otan» фракциясының депутаттары қоғам тарапынан өздеріне қандай жауапкершілік жүктеліп отырғанын біледі. Арнайы жоспарға сәйкес, халық қалаулылары канвассинг-кездесулер өткізуді жалғастырады.
Бүгін Түркістан облысы, Арыс қалалық мәслихатының депутаты Амантай Байтанаев канвассинг өткізді. Ол «Арыс қаласының құрметті азаматы», ҚР Білім беру ісінің үздігі, Мәдениет саласының үздігі, ақын Әбдіков Темірхан Қыстаубайұлының шаңырағында болды. Депутат „Nur Otan“ партиясының Арыс қаласы бойынша «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі жол картасы аясында қалада атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды.
Депутат «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Арыс қаласы, «Көктем-2» шағынауданынан 5 қабатты, 60 пәтерлік №10, 11 тұрғын үйлердің құрылысына республикалық және облыстық бюджет есептерінен қаржы қаралғанын, құрылыс жұмыстары басталғанына тоқталды. Нысандар 2021 жылдың қыркүйек айында толығымен аяқталып, 120 отбасы баспанамен қамтамасыз етілетінін жеткізді. Сонымен қатар депутат Арыс қаласы, «Көктем-2» шағынауданынан 5 қабатты, 60 пәтерлік №7,8 тұрғын үйлердің құрылыс-монтаж жұмыстары 2020 жылдың мамыр айында басталып, 2022 жылы аяқталатынын, сайлауалды бағдарламадағы әрбір индикатор партия бақылауында екенін жеткізді.
Кездесу соңында Темірхан Әбдіков Арыс қалалық мәслихат депутаттарының Жол картасы аясындағы межелерді толық орындауға үлес қосатындарына сенім білдірді. Ел алдындағы аманатқа адал болуға шақырды.
Депутат Амантай Байтанаев осы күні славян этно-мәдени орталығының Арыс қаласы бойынша өкілі, №8 В.Комаров мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Любовь Шолгинананың отбасында болып, білім саласы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.
Жалпы Түркістан облысында түрлі деңгейдегі мәслихаттарда «Nur Otan» фракциясының 263 депутаты бар. Олар карантин талаптарын сақтай отырып канвассинг-кездесулер, қоғамдық қабылдау өткізуді жалғастырады. Сонымен бірге тікелей әлеуметтік желіде тікелей эфирде «Депутатқа сұрақ қой» іс-шарасы бойынша тұрғындардың сұрақтарына жауап береді.