Бүгін Түркістан қаласында орналасқан дәріханалардағы дәрілік заттардың болуына және шекті бағаның сақталуына кезекті зерделеу жұмыстары жүргізілді.
Мониторинг жұмыстарына ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған „Түркістан – адалдық алаңы“ жобалық кеңсе менеджерлері, Түркістан облысының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментініе мамандары мен Арнайы мониторинг топ мүшелері қатысты.
Бақылау жүргізу кезінде бірқатар кемшіліктер, атап айтқанда Тауке хан даңғылында орналасқан ЖК «Букебаев Ж» дәріханасында «Кордиомагнил“ 150мг №100 министрліктің бекіткен шектік бағасынан 132,99 теңгеге көтеріп, 1930 теңгеге, „Аспирин кардио“ таблеткасы 100мг №28 79,02 теңгеге өсіріліп, 1350 теңгеден сатылғанды және Тауке хан даңғылында орналасқан «Калмуратова» дәріханасында „Флемоклав солютаб“ таблеткасы 125мг+31,25мг №20 шектік бағадан 280,44 теңгеге қымбаттап, 2150 теңгеге, ал „Флемоксин солютаб“ 250мг №20 таблеткалары 107,78 теңгеге өсіп, 2000 теңгеден сатылғандығы анықталды.
Анықталған заң бұзушылықтар бойынша Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің (бұдан әрі-ӘҚБтК) 426 бабы 1 тармағына сәйкес – «дәрiлiк заттарды, медициналық бұйымдарды тіркеу және қайта тіркеу, өндiру, дайындау және олардың сапасын бақылау, сынау (зерттеу), әкелу, сатып алу, тасымалдау, сақтау, таңбалау, дәрілік заттарға белгіленген шекті бағаларды асырып жіберуді қоса алғанда, өткізу қағидаларын, сондай-ақ қолдану (пайдалану), қамтамасыз ету, жою, жарнамалау қағидаларын бұзу, егер бұл адамның денсаулығына зиян келтiруге алып келмесе» – әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.
Осы орайда, Түркістан облысының тұрғындарының назарына дәріханалардағы дәрі-дәрмек құнының негізсіз көтерілгендігін байқаған жағдайда, 109, 102 және Агенттіктің 1424 Call орталығына немесе +7776-837-09-00 нөміріне Whatsapp қосымшасы арқылы дәріхана атауы мен орналасқан жерін және дыбыс пен бейнематериалдарды қосымша жіберуге болатындығын хабарлаймыз!