Start Қоғам Nur Otan партиясы Түркістанда тұрғындармен Есіктен-Есікке аясында кездесті

Nur Otan партиясы Түркістанда тұрғындармен Есіктен-Есікке аясында кездесті

Nur Otan партиясының сайлауалды үгіт-насихаттық жұмысы қарқынды түрде жүргізіліп жатыр. «Nur Otan» партиясы әрбір жеке азаматтың әл-ауқатының өсуіне ықпал ететін экономиканы құру міндетін алға қояды. «Nur Otan» партиясы қаламыздағы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, фермерлерге барынша қолдау көрсету міндетін атқаратын болады.

Коронавирустық пандемия жағдайында нарықты азық-түлік тауарларымен тұрақты түрде қамтамасыз ету мәсесі ерекше және өзекті болып отыр. Қаланың ішкі азық-түлік нарығының тұрақты және үздіксіз жұмыс істеуін сақтауға ғана емес, сондай-ақ жаңа экспорттық тауарларды іздеуге де күш-жігер біріктіріліп, келісілген іс-қимыл жасалатын болады. Өңірде тиімді инвестициялау, мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін арттыру, жаңа прогрессивті технологияларды енгізу, өндірісті әртараптандыру және заманауи қондырғылармен және тиімділігі жоғары технологиялармен жабдықтау арқылы дамыған агроөнеркәсіптік кешен құру жұмыстары жалғасады. «Nur Otan» партиясы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және фермерлерге барынша қолдау көрсету міндетін қояды. Бұл үшін «Nur Otan» партиясы:  2025 жылға дейін әрқайсысы 100 мың тоннаға дейін сақтау мүмкіндігімен көтерме тарату орталығының құрылысын жүргізуге;  тұрақты сатып алу-сату жүйесін құру, оқытуды бастау және қатысушылардың ауылшаруашылық құзыреттілігін арттыру. Нәтижесінде бес жыл ішінде қалада азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін орындар ашылып, шағын және орта кәсіпорынға барынша қолдау көрсетіледі.

«Nur Otan» партиясы атынан  Түркістан қаласы  Сайлау қорының қаражатынан төленді