Қалалық білім бөлімінің басшысы Ә.Ауелбеков
қалалық аппараттық жиналыста жасаған баяндамасында осылай деп мәлім етті.
Кентау қаласы бойынша 2018-2019 оқу жылында 1731 оқушы мектеп бітірді. Жиындағы
күн тәртібіндегі екінші мәселе „Ащысай Су“ мемлекеттік коммуналдық
мекемесінің қала тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстарының
барысы жайында мекеме басшысы Жанболат Сембиев баяндады.
Мәліметте „Кентау қаласы тұрғындарын таза ауыз
сумен қамтамасыз ету мақсатында 2007 жылғы әзірленген «Кентау қаласында ауыз су
құбырының жүйесін қайта жаңғырту» жұмыс жобасы 2010 жылы қайта өңделіп, «ОҚО
Кентау қаласындағы су құбырлары жүйесін қайта құру» жұмыстары бойынша жобаға
сәйкес үш кезеңмен іске асырылды.
I-кезең 2008-2010жж, II-кезең 2012-2014жж
атқарылған жұмыстар мемлекеттік коммиссияменсу жіберілмей
қабылданған.III-кезең2017-2018 жылдары атқарылып,30 желтоқсан 2018 жылы
қабылданды“ деді. Күн тәртібіндегі мәселелер ортаға салынып, атқарылған жұмыстары
жайында баяндаған мекеме, бөлім басшыларына қала әкімі Даурен Махажанов
бірқатар тапсырмалар беріп, жұмыстарды жүйелі жүргізу қажеттігін атап, жиынды
қорытты.