Арыста болған төтенше оқиғаның салдарын жою, қаланы қалпына келтурі сынды жұмыстар бүгінде жанданған. Қаланың қираған, зақым келген үйлерін қалпына келту бойынша 17 секторға бөлініп, оған жауапты ретінде еліміздің өзге облыстарымен Түркістан облысының аудан, қалалары бекітілген. Барлық секторда жауапты облыс, аудан қалалардың штабы құрылып, тұрғындармен тығыз байланыс орнатылған. Әрбір секторды жұмыс жіті ұйымдастырлған. Жиналған қоқыстарды шығару, үйдің құжаттарын түгелдеу, әрбір тұрғынға берілетін 100 мың теңгеге жиналған құжаттарды талдау, анықтау жұмыстары жүргізіліп келеді.
Қызылорда облысымен, Созақ ауданында бекітілген 6 секторда бүгінгі күні жұмыс қызу жүріп жатыр. Қираған қалдықтарды шығару жұмыстарына аудан еріктілерімен, азаматтары белсене жұмыс істеп, қазіргі дейін 15 көшеден 171 тонна қоқыс шығарылды. Тазалау жұмыстарына 1 амкодор, 1 Howo камазы теxникасы мен 21 адам жұмылдырылды. Қоқыс шығарып, тазалау жұмыстары әлі де жалғасын табатын болады.
Тұрғындардың және үй құжатын қабылдау жұмыстарына ауданнан 15 адам білек сыбана жұмыс істеуде. Қазіргі таңда 270 отбасы, 1504 отбасы мүшелерінің құжаттары қабылданды. Штаб мүшелері – тұрғындардың құжаттарын талдау, толықтыру жұмыстарын жүргізуде. 6 секторға қарасты 124 үйдің жөндеу жұмыстары басталып, оның ішінде 22 үйдің құрылысы аяқталды. Үйі тұруға жарамсыз отбасыға жаңа үй сатып алынып, жарамсыз үйі толық бұзылып тазаланды.
Жалпы, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Арыс қаласының тұрғындарына 100 мың теңге көлемінде бір реттік өтемақы беру мәселесі қатаң бақылауда. Осы тапсырмаға сәйкес бірінші кезекте 55 602 тұрғынға (Арыс қаласы – 44 994 адам, Ақдала ауыл округі – 4 324 адам, Қожатоғай ауыл округі – 4 232 адам, Дермене ауыл округі – 2 052 адам) 100 мың теңгеден жалпы 5,6 млрд.теңге көлемінде өтемақы төлеу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, жаз айларында Арыстық 4010 баланы еліміздің өзге облыстарындағы жазғы лагерьге жіберу жоспарланған. Олардың алды Нұр- Сұлтан, Алматы, Тараз қаласымен Ақмола, Павлодар, Батыс Қазақстан сынды облыстарда тынығуда. Сонымен қатар, Арыстық 800 ардагер «Мейір» және «Ардагерлер» үйінде демалады. Төтенше оқиғадан соң, ауруханаға түскен 65 азамат емделіп, үйіне оралды. 3 азамат ем дом қабылдап жатыр, олардың жағдайы қалыпты дәрежеде.
Күнделікті атқарылған жұмыстардың ашықтығын қамтамасыз ету үшін, жауапты тұлғалармен брифинг ұйымдастырылаған. Онда, Арыс қаласындағы атқарылған жұмыстар, алдағы жоспарлар БАҚ айтылып, халыққа таратылады.