Start Қоғам АРЫСТЫҚ 200-ГЕ ЖУЫҚ АРДАГЕР САУЫҚТЫРУ ОРЫНДАРЫНА АТТАНДЫ

АРЫСТЫҚ 200-ГЕ ЖУЫҚ АРДАГЕР САУЫҚТЫРУ ОРЫНДАРЫНА АТТАНДЫ

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен арыс өңірінің  200-ге жуық ардагер «Мейір Ардагерлер үйіне» демалысқа  аттанды. Аталған бастама Арыс қаласының зейнеткерлерін әлеуметтік қолдау мақсатында ұйымдастырылып отыр. Онда ардагерлерге түрлі медициналық қызметтер жоғары деңгейде  көрсетілетін болады. Атап айтар болсақ,  физиотерапиялық, парафинмен, озокеритпен емдеу, дене шынықтыру, дәрі егу сынды ем-дом  түрлері көрсетіледі. Табиғи жолмен көрсетілетін ем түрлері де ұсынылады.  Демалушылар күніне 4 мезгіл тамақтанады. Жалпы демалу мерзімі – 15 күнді құрайды. Сондай-ақ, демалушы ардагерлердің қатысуымен күнделікті түрлі концерттік бағдарламалар өткізілетін болады. Жжалпы айтқанда демалушылар барлық жағдайда жақсы демалып қайтуына мол мүмкіндіктер қарастырылған. Айта кетерлігі, Арыс қаласында 3900-ден астам зейнеткер тұрады. Бүгін 8 шілдеде «Мейір Ардагерлер үйіне» 190 зейнеткер аттанса, 9 шілдеде «Ардагерлер үйіне» 200 зейнеткер жолданады.Жалпы шілде-тамыз айларында барлығы 1360 зейнеткер қамтылады.