Start Басты жаңалықтар ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА «БАЛАҚАЙ» ӘЛЕУМЕТТІК САУДА ДҮКЕНІ АШЫЛДЫ

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА «БАЛАҚАЙ» ӘЛЕУМЕТТІК САУДА ДҮКЕНІ АШЫЛДЫ

Түркістан облысы Жетісай ауданы Жетісай қаласындағы «Амантай» автобекеті жанынан «Балақай» әлеуметтік дүкені ашылды. Аталған сауда орталығында оқушылардың мектеп формасынан бастап, отбасылық киім-кешектер мен аяқ киімдер, тұрмыстық заттардың кең таңдауы бар. Мұндағы тауарлар базар бағасынан 20-30 пайызға арзан саудалануда. Өйткені, бұл орталыққа тауарлар көршілес елдердің фабрикаларынан тікелей тасымалданады.
Айта кетейік, бүгінде «Балақай» дүкендер желісі Түркістан облысының барлық аудан-қалаларында жұмыс істейді. Енді міне, Жетісай ауданында өз жұмысын бастап отыр. Ауданымыздағы көпбалалы және тұрмыстық жағдайы төмен отбасыларға көмек қолын созғысы келген дүкен басшылары мұндағы бағалардың көтерілмейтіндігіне уәде беріп отыр.