Түркістан облысында автомобиль жолдары мен елдімекен көшелерінің жалпы ұзындығы 20 928,9 шақырымды құрайды. Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 2019 жылы 74,1 пайызға жетті. Аталған көрсеткішті 2020 жылы 77,6 пайызға жеткізу көзделуде. Айта кетерлігі, автомобиль жолдарына жүргізілген құрылыс-жөндеу жұмыстарының ауқымы бойынша Түркістан облысы республикада көш бастап тұр. Бүгін бұл туралы Түркістан облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ролан Ибрагимов мәлімдеді.
Облыста өткен жылы 1 738 шақырым жол мен көше құрылыс-жөндеу жұмыстарымен қамтылып, оның 1 270,4 шақырымы пайдалануға берілді. Ал 2020 жылы 869,8 шақырым жол мен көшелерге құрылыс-жөндеу жұмыстары жүрмек.
Бұдан өзге, Түркістан облысы бойынша 44 тасымалдаушы мекеменің 1300 қоғамдық көлігі жолаушыларға тасымалдау қызметін көрсетеді. 2019 жылы 8 елдімекен қоғамдық көлікпен қамтылып, 19 тұрақты бағыт ашылды, оның: 4-і халықаралық; 2-і облысаралық, 15-і ауданаралық және ауданішілік тұрақты бағыттар. Былтыр облыс бойынша 238 қоғамдық көлік жаңартылды. Соның ішінде, 37-і 2018-2019 жылы шығарылған жаңа автобустар. Сондай-ақ, Түркістан қаласы бойынша 2019 жылы жергілікті тасымалдаушымен 26 жаңа автобус сатып алынды.
Start Экономика ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫН ТӨСЕУ-ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАДА КӨШ БАСТАДЫ