Түркістан облысы Сайрам ауданының орталығы Ақсукент елді мекенінде әскери және арнайы маман киімдері мен төсек орындарын тігетін „АХБК“ тігін фабрикасы ашылды. Аталған өндіріс орнын кәсіпкер Нұрлан Сапаров өз қаражаты есебінен 1 млрд. 200 млн. теңге жұмсап іске қосып отыр. Нәтижесінде жергілікті 100-ден астам адам жұмыспен қамтылған. Алдағы уақытта өндірісті ұлғайтып жұмыс орнын 250 адамға арттыру жоспарлануда. Қазіргі таңда фабрика „Қазақстан темір жолы“ АҚ-мен және ҚР Қорғаныс министрлігінің, сондай-ақ жеке өндіріс орындарының тапсырыстарын орындауға кірісіп кеткен.
Аталған фабриканың ашылуына аудан әкімі Бақтияр Мамаев қатысып, өндіріс орнының ашылуымен құттықтады.