Start Білім ТҮРКІСТАН: ОБЛЫСТА «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» БАҒДАРЛАМАСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫП ЖАТЫР

ТҮРКІСТАН: ОБЛЫСТА «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» БАҒДАРЛАМАСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫП ЖАТЫР

Қазақстанның білім беру саласын дамыту мақсатында қолға алынған „Жайлы мектеп“ ұлттық жобасы Түркістан облысында қарқынды түрде жүзеге асырылып жатыр.  „Жайлы мектеп“ ұлттық жобасы Қазақстанда білім беру инфрақұрылымын заманауи талаптарға сәйкестендіру және оқушыларға жайлы орта қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылып жатқан ауқымды бастама. Жобаның басты ерекшелігі – мектептердің жаңа стандарттарға сәйкес, инновациялық технологиялармен жабдықталып, функционалды әрі оқушының қажеттіліктеріне бейімделген форматта салынуы.

Жобаның негізгі артықшылықтары:

Құрылымдағы жаңалықтар:

  • Бастауыш және жоғары сыныптар үшін жеке блоктар қарастырылған.
  • Әр блоктың өз асханасы, спортзалы, және санитарлық тораптары бар.
  • Балаларға жеке заттарын сақтауға арналған шкафтар орнатылады, бұл ауыр сөмкелерді тасу мәселесін жеңілдетеді.

Заманауи жабдықтау:

  • Кабинеттер заманауи интерьермен жабдықталып, экологиялық стандарттарға сай жасалады.
  • Физика, химия, биология және робототехника пәндері бойынша арнайы зертханалық кабинеттер орнатылады.
  • Touch-экрандар мен жылдам интернетке қосылу мүмкіндігі қарастырылған.

Әлеуметтік қолдау және инклюзивтік:

  • Ерекше білім алуға мұқтаж балалар үшін арнайы жағдайлар жасалады.
  • Әр қабатта тынығу алаңдары қарастырылып, балалардың менталды денсаулығына көңіл бөлінеді.
  • Денсаулық пен қауіпсіздікке басымдық:
  • Оқушылар үшін трансформер-парталар мен таза ауызсу фонтандары орнатылады.
  • Әр блокта балалардың жас ерекшеліктеріне қарай лайықталған дәретханалар қарастырылған.

Жайлы экологиялық орта:

  • Жобаның экологиялық жүйесі балалардың денсаулығын сақтауға және қоршаған ортаға зиян келтірмеуге бағытталған.
  • Бұл жобаның маңызды нәтижесі – апатты жағдайдағы мектептер мен үш ауысымдық оқу мәселесін шешу, сондай-ақ, ауылдық және қалалық мектептер арасындағы сапалық алшақтықты азайту. Осындай жаңашыл бастамалар Қазақстанның білім беру жүйесін жаңа деңгейге көтеруге ықпал етеді.

Бұл бағдарлама жаңа оқу ғимараттарын салу, оқушыларға сапалы білім беру жағдайын жақсарту және білім саласындағы инфрақұрылымдық мәселелерді шешуге бағытталған.

  • Түркістан қаласында жоба бойынша 2025 жылдың аяғына қарай 8 мектеп салынуы керек. Қазір 3 мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген.
  • Арыс қаласында жоба бойынша 2025 жылдың аяғына қарай 2 мектеп салынуы керек. Қазір 1 мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген.
  • Сарыағаш қаласында жоба бойынша 2025 жылдың аяғына қарай 3 мектеп салынуы керек. Қазір 2 мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген.
  • Жетісай қаласында жоба бойынша 2025 жылдың аяғына қарай 4 мектеп салынуы керек. Қазір 2 мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген.
  • Кентау қаласында жоба бойынша 2025 жылдың аяғына қарай 2 мектеп салынуы керек. Әзірге мектеп құрылысы аяқталып, пайдалануға берілмеген.
  • Шардара қаласында жоба бойынша 2025 жылдың аяғына қарай 2 мектеп салынуы керек. Қазір 2 мектептің де құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген.
  • Сонымен қатар, Бәйдібек би және Қазығұрт аудандарында 1 мектептен жоспарланған, бүгінде Бәйдібек би мектепте балалар білім алып жүр.
  • Келес ауданында жоба бойынша 2025 жылдың аяғына қарай 5 мектеп салынуы керек. Қазір 3 мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген.
  • Жетісай ауданында жоба бойынша 2025 жылдың аяғына қарай 2 мектеп салынуы керек. Қазір 1 мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген.
  • Мақтаарал ауданында жоба бойынша 2025 жылдың аяғына қарай 5 мектеп салынуы керек. Қазір 2 мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген.
  • Ордабасы ауданында жоба бойынша 2025 жылдың аяғына қарай 5 мектеп салынуы керек. Қазір 1 мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген.
  • Сарыағаш ауданында жоба бойынша 2025 жылдың аяғына қарай 7 мектеп салынуы керек. Қазір 1 мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген.
  • Сауран ауданында жоба бойынша 2025 жылдың аяғына қарай 3 мектеп салынуы керек. Қазір 1 мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген.
  • Сайрам ауданында жоба бойынша 2025 жылдың аяғына қарай 3 мектеп салынуы керек. Қазір 1 мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген.
  • Төле би ауданында жоба бойынша 2025 жылдың аяғына қарай 4 мектеп салынуы керек. Қазір 3 мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген.
  • Түлкібас ауданында жоба бойынша 2025 жылдың аяғына қарай 2 мектеп салынуы керек. Әзірге мектеп құрылысы аяқталып, пайдалануға берілмеген.

Сонда жоспар бойынша, 2025 жылдың аяғына қарай Түркістан облысында 59 мектеп салынуы керек.

Еске салайық, бұған дейін бұл бағдарлама аясында Түркістан облысында биыл 29 мектептің құрылысы жоспарланғаны белгілі болды. Ол үшін „Ұлттық қордан“ 139 миллиард теңге бөлінген. Жоспар бойынша 2024 жылы 16 мектеп, 2025 жылы 13 мектеп пайдалануға тапсырылуға тиіс.  «Жайлы мектеп» білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобасы» аясында Түркістан облысында 2023-2025 жылдары жобалық қуаттылығы 49 мың орындық 63 мектеп құрылысын салу жоспарланған. Яғни,  оның 29-ы биыл ашылмақ. Оның ішінде: 300 орындық – 11 мектеп; 600 орындық – 25 мектеп; 900 орындық – 15 мектеп; 1200 орындық – 6 мектеп; 1500 орындық – 4 мектеп; 2000 орындық – 2 мектеп

2024 жылы пайдалануға берілетін 22 900 орындық 29 мектептің құрылысы аяқталып пайдалануға беріледі. Оның ішінде – Түркістан қаласында – 3 мектеп: 2000 орындық – 2 , 1200 орындық – 1 мектеп; Арыс қаласында – 600 орындық  1 мектеп; Шардара ауданында – 2 мектеп: 1200 орындық – 1; 300 орындық – 1 мектеп;  Сарыағаш ауданында – 4 мектеп: 300 орындық – 1, 900 орындық – 3 мектеп; ал  Бәйдібек ауданында – 300 орындық – 1 мектеп салынып жатса,   Жетісай ауданында – 3 мектеп: 1500 орындық – 1,  900 орындық – 1, 600 орындық – 1 мектеп;   Келес ауданында – 3 мектеп: 600 орындық – 2, 300 орындық –   1 мектеп;- Сайрам ауданында –  600 орындық – 1 мектеп, облыс орталығы Түркістанда – 3 мектеп: 2000 орындық – 2, 1200 орындық – 1  мектеп салынып жатыр.

Аталған 29 мектептің 19-ы ағымдағы жылдың қыркүйек айында, қалған 10-ы желтоқсан айында пайдалануға берілді. Соның ішінде  Түркістан қаласында  бұл жоба аясында 3  мектеп салынып жатыр екен. Жоспар бойынша желтоқсан айында берілді.

Естеріңізге сала кетейік, елімізде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы оқу орындарының тапшылығын шешуге, апатты мектептерді және үш ауысымды оқытуды жоюға бағытталған ауқымды жоба. Ел көлемінде 2024-2025 жылдары 740 мың оқушы орны бар 369 мектеп салу жоспарлануда, оның ішінде биыл 217 мектеп ашылды.

«Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс. Сол үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды. Біз 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасаймыз. Осылайша, апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесін толық шешеміз. Жалпы, мектеп салу үкімет және әкімдіктер үшін басты міндеттің бірі болуы керек», – деген  болатын Мелекет басшысы Қ.Тоқаев халыққа арнаған  Жолдауында. Мемлекет басшысының  тапсырмасы бойынша жүзеге асып жатқан бұл жобаның мақсаты – ауыл және қала мектептерінің айырмашылығын мейлінше  азайту. Жас ұрпақтың заманауи, барлық талапқа сай жайлы, жақсы мектепте білім алуы өркениет тұрғысынан ғана емес елдегі әлеуметтік салаларды дамытып, халыққа жағдай жасау көрсеткіші екені айқын.

Демографиялық өсімі жоғары Түркістан облысында мектеп тапшылығын жою бағытында жүйелі жұмыс жүріп жатыр. Басқа өңірлерге қарағанда қарқынды жүріп жатыр деуге болады.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы білім сапасын көтеру мемлекеттің басым мақсаты екенін аттап өтті. Сондай-ақ балаларды оқыту үшін қолайлы жағдайлар жасау және орта құру міндетін қойды. Түркістан өңірінде демографиялық өсім жоғары. Осыған байланысты оқушы 35 мың орынға тапшылық бар. Аталған мәселені шешу үшін 4 бағытта жұмыстар жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда бюджет есебінен жобалық қуаты 8250 орын 34 мектептің құрылысы жүргізілуде. Биыл 20 мектепті тапсыру жоспарланған. Бүгінгі таңға 6 мектеп пайдалануға берілді. Президент бастамасымен құрылған «Білім инфрақұрылымын қолдау қоры» арқылы құны 9,4 млрд. теңге болатын, жобалық қуаты 6 650 орындық 9 мектептің құрылысы басталды. Ал «Жайлы мектеп» жобасы шеңберінде 3 жылда 63 мектеп салынады. Жобалық қуаты – 49 мың орын. Биыл 29 мектептің құрылысы басталып, келесі жылы аяқталады. Қалған 34 мектепті 2025 жылы тапсыру жоспарлануда. Сонымен қатар жеке инвестиция есебінен жобалық қуаты 5000 орын болатын 17 мектеп салынды, – деген өткен жылдың қортындысы бойынша облыс әкімі активімен өткен жиында  Дархан Сатыбалды.