Start Білім ТҮРКІСТАН: ОБЛЫСТАҒЫ КОЛЛЕДЖ ПЕДАГОГТЕРІ ФРАНЦИЯ, ГЕРМАНИЯДА КӘСІБИ БАҒЫТТА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

ТҮРКІСТАН: ОБЛЫСТАҒЫ КОЛЛЕДЖ ПЕДАГОГТЕРІ ФРАНЦИЯ, ГЕРМАНИЯДА КӘСІБИ БАҒЫТТА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

Өңірдегі колледж педагогтері мен басшылары Франция, Германия еліндегі кәсіпорындармен техникалық және кәсіби білім беру орталықтарында тәжірибе алмасуда. Әріптестерді Түркістан облысының басқарма басшысының міндетін атқарушы Жандос Маханбетұлы бастап барып, өндірістік практиканың басым бағыттарымен танысты.

Бұл сапардың негізгі мақсаты – тағылымдамадан өту және халықаралық келісім жасау. Алғашқы жұмыс күні халықаралық «PLAN B GGMBH & KOMPETENZZENTRUM DER EBG GGMBH IN BERLIN» сертификаттау орталығының директоры Tomas Zimmerman, Frankfurt қаласында тәжірибе алмасу бағытында әлемде 148 елде сертификаттау бойынша жасап жатқан жұмыстары туралы таныстырып, семинар өткізді.

Семинардың екінші жартысында «Mercedes» маркалы көліктерді шығаратын тарихы 1900 жылдан бастау алған күніне 475 жүк көлігін жинайтын зауытқа барды. Аталған компания автокөліктерден басқа, кеме және ұшақтарға арналған қозғалтқыштарды жасаумен айналысады. 1909 жылы пайда болған үш сәулелі белгі – компанияның суда, құрлықта, ауада жеткен жетісіктерінің символы ретінде танылған.

Германияның колледж студенттері дуальды оқу жүйесімен 80 пайыз практика, 20 пайыз теориялық тұрғыда білім алуда.

Бүгінгі таңда әлемде оқытудың дуальды жүйесі кәсіптік-техникалық кадрлар даярлаудың ең тиімді жолдарының бірі. Өйткені, экономиканың қарқынды дамуымен кәсіби-техникалық маман иелеріне сұраныс та күн санап артуда.

Соған орай, теориядан гөрі тәжірибеге басымдық берілетін дуальдық жүйені енгізу халықты жұмыспен қамту проблемасын шешудің бірден-бір тиімді жолы екені анық.

Әлемдік білім беру кеңістігіне кі­рігуге байланысты мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдасты­руға жоғары талаптар қойыла баста­ды. Бұл үдеріске жаңа, барынша тиімді психологиялық-педагогикалық тәсілдеме іздеу жеделдетілді.

Заманауи инновациялық үдеріс­тер баланың қабілетін ашудың бірін­ші деңгейі ретінде мектепке дейінгі білім беру жүйесіне әсер ете­ді. “Балдәурен” бөбекжай-бақшасында “Балалардың бастамасын, қы­зы­ғушылығын және қозғалысын біріктіру – әлемді тануға апаратын жол” тақырыбында тәжірибеге ба­ғытталған іс-шара өткізілді. Бұл шара­да мектепке дейінгі білім берудің дамуы, жаңа сапалы деңгейге өтуі, инновациялық технологиялар баланы дамытудың тиімді жолы екені дәлелденді.

Іс-шараның өзектілігі – мектеп жасына дейінгі балаларда экспери­ментті-танымдық іс-әрекет арқылы дербес және белсенділік қабілетін қа­лыптастыру бағытында тәжірибе алмасу.

Бөбекжай-бақша тәрбие­шілері білім беру кеңістігінде бала­лардың конструктивті біліктерін дамытуға бағытталған “Робототехника әлеміне саяхат”, зерттеу іс-әрекеті ар­қылы мәселенің мәнін түсіну және талдау, қорытынды жасауға бағыт­талған “Шай технологиялары” ба­лалар эксперименті орталығында танымдық жұмыстарды ұйымдастырды.

Сондай-ақ “Lesson Study” тә­сілі бойынша ұйымдастырылған ашық сабақ өтті. Балабақша ұжымы балалар денсаулығының бірыңғай жүйесінде бассейннің маңызды­лы­ғына баса мән береді. Сондық­тан суда әртүрлі дене жаттығулары ком­бинацияларын пайдалана отырып, заттармен және затсыз әртүрлі қимылдар жасау мен саламатты өмір салтын сақтауға ынталандырудың әдіс-тәсілдерін ұсынды.

Жалпы балалардың экспери­менті оның мектепке дейінгі да­муындағы жетекші әрекет болып та­былады. Эксперимент тамақтану, ойын, оқу іс-әрекеті, жүру, ұйықтау арқылы енеді. Мектеп жасына дейінгі бала қазірдің өзінде зерт­теуші болып табылады. Зерттеу іс-әрекетінің әр түріне – эксперимент­ке қызығушылық танытады. Тәжіри­белер баланың ойлауын, логикасын және шығармашылығын дамытуға көмектеседі және табиғаттағы тірі және жансыз заттардың арасындағы байланысты анық көрсетуге мүмкіндік береді. Осы ретте тәр­биеленушілердің тәжірибе бары­сында алған білімі мәңгілік сабақ болып қалады.

Облыстық “Өрлеу” орталығы мектепке дейінгі ұйым тәрбиеші­леріне танымдық қабілеттерін да­мы­ту үшін бірнеше жұмыс алгорит­мін ұсынды. Ол – зерттеу объектісін таңдау, алдын ала жұмыс (экскурсия, бақылау, әңгімелесу, оқу, иллюстрациялық материалдар­ды тексеру, жеке құбылыстардың нобайлары, фактілер және т.б.), мәселенің теориясын зерттеу, экспе­рименттік бағытта ұйымдасты­рылған іс-әрекеттің түрін, мазмұнын және тақырыбын анықтау. Сонымен қатар тәрбиеленушілермен жұмыс­тың мақсаттары мен міндеттерін іріктеу, ойын арқылы зейінді, қабылдауды, есте сақтауды, ойлауды дамыту, құрал-жабдықтарды, оқу құралдарын пайдалана оты­рып, алдын ала зерттеу жұмыстарын, жыл мезгілін, тәрбиеленушілердің жасын, оқытылатын тақырыпты ес­кере отырып, көмекші құралдар мен құрал-жабдықтарды таңдау және дайындау қажет.

Жалпы іс-шара соңындағы ұйымдастырылған рефлексияда ба­ланың жасы мен даму деңгейіне сай келетін ресурстардың қолжетімділігі және қауіпсіз ортада тәрбиелеу жайында әңгіме өрбіді. Білім беру­дегі даралау үдерісінде балалардың бастамасын дамыту, тәрбиеленуші­лердің өзіндік әркетін ұйымдастыру бойынша ұсыныстар айтылды.