Start Білім ТҮРКІСТАН: БАЛАЛАР ЛАГЕРЛЕРІ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

ТҮРКІСТАН: БАЛАЛАР ЛАГЕРЛЕРІ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

«Өткен жылдардағы тәжірибе көрсеткендей, балалардың жазғы демалысы мен оларды еңбекке баулу барлық жерде бірдей тиісті деңгейде ұйымдастырылмайды, жұмыс көбінесе есеп беру үшін атүсті жүргізіледі. Танымдық және мазмұнды іс-шаралар аз. Олардың сапасы нашар, балалардың қызығушылығы мен бейімін ескермейді. Қауіпсіздік және санитариялық талаптар бойынша шешілмеген мәселелер бар. Бұл проблемаларды 1 маусымға қарай шешу керек», – деді О. Бектенов Үкімет отырысында.

«Балалар лагерлерінде, бұқаралық орындарда бақылау камералары жұмыс істеп тұруға тиіс. Жазғы демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігіне толық кепілдік берілуге тиіс екенін ерекше атап өтемін. Ішкі істер, Төтенше жағдайлар, Оқу-ағарту, Денсаулық сақтау министрліктері, өңір әкімдіктері тиісті қызметтердің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуі қажет. Лагерлерде балалармен жұмыс істейтін персоналды мұқият іріктеу қажет», – деді Үкімет басшысы.

Осы ретте балалардың жазғы демалысын тиімді де пайдалы , танымдық мазмұнды шараларға толы деңгейде ұйымдастыруға барынша ден қойылуда. Түркістан облысы әкімінің Оқу жылы аяқталып, балалардың бірінші легі жазғы сауықтыру лагерлеріне қабылданып үлгерді. Ал өңірдегі лагерлердің кейбірі алдағы аптада өз жұмысын бастайды деп күтілуде. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев өңірдегі бірқатар жазғы демалыс орнын аралап көрді.

Түлкібас ауданы, Машат шатқалында орналасқан «Самал» жазғы сауықтыру лагеріне барды. Мұнда облыстағы өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы алдағы аптада өз жұмысын бастайды. Қазіргі таңда лагерт алғашқы 150 баланы қабылдауға дайын.

Жұмыс сапары әрі қарай  Түлкібас ауданы, Машат шатқалында орналасқан «Отырар» жазғы сауықтыру лагерінде жалғасты. Аталған лагерге жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін тиісті қаржы қаралған. Бөлінген қаржыға шатыр ауыстыру, ауыс су жүйесін жөндеу және әктеу-сырлау жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ кереуеттер мен төсек орындары жаңартылды. Биыл лагерьге 8 ауысымда 1200 оқушы демалады деп жоспарлануда. Бірінші кезекте жетім, жартылай жетім, аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасының балалары жіберілетін болады.  Балаларға 23 қызметкер қызмет көрсетеді.

Түркістан қаласының білім бөліміне қарасты «Балауса» балалардың жазғы сауықтыру демалыс лагері жұмыс жүргізеді. Лагерь Құсшы ата елді мекенінде орналасқан. 2001-2002 оқу жылында Қазақстан Республикасының 10 жылдығы қарсаңында Түркістан қаласының білім бөліміне қарасты балалар мен жасөспірімдер орталығының теңгеріміндегі ашылған балалардың жазғы сауықтыру демалыс лагерінің жұмыс істеп жатқанына биыл 22 жыл. Лагерь 4 корпустан тұрады, үлкен жаздық тамақтану орны, азық-түлік сақтайтын орны, бассейн, душ, спорт, би алаңдары бар. Сонымен қатар су құбыр жүйесі, балалар жуынатын және көлеңкеде демалатын орын қарастырылған. Түркістан қаласының  білім бөліміне қарасты балалар мен жасөспірімдер орталығының теңгеріміндегі балалардың жазғы сауықтыру демалыс лагеріне 32 жалпы білім беретін  мектептен оқушылар қамтылады. Әр ауысымда 150 баладан демалып, лагерь 6 ауысым бойынша жұмыс істейді.

Бейсенбай Тәжібаев лагерь басшыларына балалар қауіпсіздігін сақтау, сапалы қызмет көрсету жөнінде тапсырма берді.

Жалпы жаз мезгілінде Түркістан облысында 31 сауықтыру лагері қызмет көрсетеді деп жоспарлануда. Оның ішінде 9-ы – мемлекеттік, 22-сі –жекеменшік. 1-3 маусым аралығында 10 лагерь санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің рұқсатын алып, жұмыстарын бастады. Барлық 31 жазғы сауықтыру лагерінің ашылуы маусым айына жоспарланған. Жазғы сауықтыру лагерлерінде балалар қауіпсіздігі үшін күзет агенттіктері қызмет көрсетеді және орналасу ауданына қарай полиция қызметімен бірлескен жұмыстар жүргізеді.

Айта кетейік, өңірде жалпы 70 мың бала  жазғы сауықтыру лагерлерінде демалады деп жоспарланған. Оның 50 мыңы бюджет есебінен болса, 20 мыңы ата-ана есебінен жіберіледі. Алғашқы онкүндікте жоғарыда аталған лагерлерде 2464 бала 1 ауысымға қабылданып, сауықтырылуда. Жаз бойы 6-8 ауысымда қызмет көрсетеді деп жоспарланған. Балалар әлеуметтік жағдайына байланысты бюджет есебінен тегін демалса, қалған оқушылар ата-аналар есебінен ақылы демалады. Сонымен қатар «Қазақстан халқына» қоры есебінен облыста жалпы 3421 оқушы жазғы сауықтыру лагерлерімен тегін қамтылады.

Президент көбісі қағаз жүзінде қалып, нәтиже бермейтін мемлекеттік бағдарламаларды Ұлттық Жоба форматына айналдырып, бақылауды күшейтуді тапсырған-ды. Мемлекет басшысының тапсырмасынан кейін қолға алынған ұлттық жобалардың бірі – «Білімді ұлт» сапалы білім беру» жобасы. Аталған жоба толықтай жүзеге асса елде балабақша, үш ауысымды мектеп секілді проблемалар шешімін табады деген болатын экс министр  А.Аймағамбетов.

Бүгінде  барлық білім беру деңгейлерінде білім алушылардың білім сапасын арттыру мақсатында жүріп жатқан 2021-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы №726 қаулысымен бекітілген «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы қабылданы белгілі.  Осы Ұлттық жобаның екінші міндеті – орта білім беру сапасын арттыру. Бұл жоба толық жүзеге асқанда ауыл мектебі мен қала мектептерінде айырмашылық болмайды.

 PISA халықаралық зерттеуі (ағылш. Programme for International Student Assessment, қысқаша PISA, қазақ тілінде – Халықаралық оқушы қабілетін бағалау бағдарламасы) – үш жылдық мерзіммен өткізіледі. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 17 наурыздағы №103 бұйрығына сәйкес, ағымдағы жылғы 4 – 29 сәуір аралығында облыстағы 27 білім беру ұйымдары (25-мектеп, 2-колледж) PISA – 22022 жылғы 17 наурыздағы №103 бұйрығына сәйкес, ағымдағы жылғы 4 – 29 сәуір аралығында облыстағы 27 білім беру ұйымдары (25-мектеп, 2-колледж) PISA – 2023 халықаралық зерттеуіне қатысты. Барлығы 881 (99,3%) білім алушыға зерттеу жүргізілді. Жалпы, облыста «Білімді ұлт» сапалы білім беру» Ұлттық жобасы жоспар бойынша жүйелі жүргізіліп келеді.Жобада: «Ойын арқылы оқыту» қағидаты негізінде мемлекеттік стандарт өзгертіледі» деген мәселе қозғалды. Жобаның бұл қағидаты бойынша  және балаларға қосымша білім беру,  оқушылардың жэазғы демалыстарын  тиімді ұйымдастыру бойынша облыстағы білім беру мекемелерінде атқарылып жатқан ж.йелі жұмыстар аз емес.

 ОЙЫН – физикалық тұрғыдан өмірлік маңызы бар негізгі қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін аса қажетті болып табылмаса да, алайда ойын балалардың дамуы барысында оқытудың кең ауқымын қамтиды және эмоционалдық әл-ахуалын демеп отыратыны белгілі. «Ойын арқылы оқыту» балалардың танымдық қызығушылығын арттырады. Ойын арқылы оқытуда ұйымдастырылған оқу қызметерінде, ойын тәсілдері арқылы балалардың пікірімен санасуды, ойын арқылы нәтижені болжауды, өз бетінше іс-әрекеттер жоспарлауды, мақсатқа жету жолдарын айқындауды үйретуге болады. Балалардың бойында қазіргі әлемде қажет болатын шығармашылық қиялын, креативтіліктерін дамытуда, мектепке дейінгі ұйымдарда ойын арқылы оқыту процесі сондай қосымша біім беру мекемелерінде, жазғы лагерлерде кеңінен қолданылып іске асырылуда.

«Білімге салынған қаражат – мемлекет үшін ең басты инвестиция болуы керек. Бұл – өте маңызды мәселе. Түптеп келгенде, дамудың бірден-бір жолы – білім саласы. Сондықтан бұдан ешкім ұтылмайтыны сөзсіз. Үкімет пен әкімдер жұртшылықпен бірлесіп, жобаны жетілдіруге тиіс. Оны сапалы әрі тиімді жасау қажет. Нақты ғылымдар мен инженерия саласы бойынша қосымша білім беруге айрықша назар аудару керек. Балаларды дене шынықтыру және академиялық тұрғыдан бірдей дамыту қажет. Ауылдық жерде тұратын балаларға баса мән берген жөн. Барлық аймақтағы балалардың қосымша білім алуына мүмкіндігі болуға тиіс. Құзырлы министрлік пен әкімдіктер жоба­ның жүзеге асырылуын реттеп, жіті бақылауы қажет», деген болатын өткен жылы мұғалімдердің Тамыз конференциясында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев..