Start Білім ТҮРКІСТАН: АЙТЖАНОВ МЕКТЕБІНІҢ АЙТАРЫ БАР – 2

ТҮРКІСТАН: АЙТЖАНОВ МЕКТЕБІНІҢ АЙТАРЫ БАР – 2

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЛАРДАН ОЗА ШАБУДА

Қазіргі таңда Тұрсынхан Айтжанов мектебінде жартылай жетім балалар саны- 26, көп балалы отбасындағы балалар саны -493. Олардың ішінде атаулы әлеуметтік көмек алатын балалар саны -37 болса, аз қамтылған отбасындағы балалар саны- 79. Үйде оқытылатын балалар саны -14. Ыстық тамақпен қамтылған балалар саны – 286.

Биылғы оқу жылының І жартыжылдығында мұғалімдердің жетістіктері ерекше болып отыр. Ағылшын тілі пән мұғалімі Раманқұлова Марзия Облыстық білім басқармасының Алғыс хатымен марапатталды. Ағылшын тілі пән мұғалімі Ахметова Шахноза Сауран аудандық білім бөлімінің Алғыс хатымен марапатталды. Математика пәнінің мұғалімі Аймурзаев Заңғар облыстық білім беруді дамыту орталығының Алғыс хатымен марапатталды.

Өзбекәлі Жәнібеков конференциясында «М.Әуезов шығармаларындағы салт –дәстүр» тақырыбында мақала дайындап, қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Қарабаева Василя Алғыс хатпен марапатталды. «Мұқағали – ақиық ақын» тақырыбында мақала дайындап, қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Сапарова Гүлзира Алғыс хатпен марапатталды. Өзбек тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Исмайлова Наргиза пән мұғалімдерінің облыстық кезеңіне қатысып, І орынға ие болды. Өзбек тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Рысбекова Нигораның «Білім беруді дамыту орталығы» 5,6,7,8-сыныптарға өзбек тілі мен әдебиеті пәндерінен ТЖБ тапсырмаларының жинағы» атты авторлық бағдарламасы жарық көрді.Мұғалімдер арасында өткізілген «Алтын түлек» олимпиадасының аудандық кезеңіне бастауыш сынып мұғалімі Жиренбаева Гүлзат қатысып, жүлделі ІІ орынға ие болды. «Педагогикалық идеялар фестивалі байқауының аудандық кезеңіне» бастауыш сынып мұғалімі Кенжебаева Айгүл қатысып, жүлделі ІІІ орынға ие болды. «Педагогикалық идеялар фестивалі» байқауының аудандық кезеңінде информатика пән мұғалімі Жолдасбаева Гүлжан І орынға ие болды. Облыстық кезеңге қатысып, жүлделі І орынға ие болып, республикалық кезеңге жолдама алды.

ОҚУШЫЛАР СПОРТТЫҚ ЖАРЫСТАРДА ТОП ЖАРУДА

Тұрсынхан Айтжанов мектебінің оқушылары спорттық сайыстар бойынша үнемі топ жарып келеді. Мәселен, кросс жеңіл атлетикадан 9-11-сынып ұл-қыздарының командасы аудандық кезеңде ІІ орынға ие болды. Жетекшісі Нарбаев Мереке. Футзал 7-8-сынып ұлдар командасы аудан көлемінде ІІІ орынға ие болды.Жетекшісі Ергенбай Әділетберген. Асық ату бойынша 5-6-сынып оқушылары аудан көлемінде ІІІорынға ие болды. Жетекшісі Исаев Хурият. Асық ату бойынша 7-8-сынып оқушыларының ұлдар командасы аудан көлемінде ІІ орынға ие болды. Жетекшісі Нұрходжаев Бақытжан.

Бес асық бойынша 7-8-сынып оқушыларының қыздар командасы аудан көлемінде ІІІ орынға ие болды. Жетекшісі Нұрходжаев Бақытжан.

Тоғызқұмалақ бойынша 5-6-сынып оқушыларының ұлдар және қыздар командалары ІІІ орынға ие болды. Жетекшісі Ибрагимов Мұрат. Тоғызқұмалақ бойынша 9-11-сынып оқушыларының ұлдар, қыздар командалары аудан көлемінде ІІІ орынға ие болды. Жетекшісі Мырзалиев Маулен. Баскетбол бойынша 9-11-сынып оқушылары қыздар командасы аудан көлемінде ІІІ орынға ие болды. Жетекшісі Жиенбаев Ержан. Баскетбол бойынша 7-8-сынып оқушылары қыздар командасы аудан көлемінде ІІ орынға ие болды. Жетекшісі Сапаров Дарын. Үстел теннисінен 5-6-сынып оқушыларының ұлдар және қыздар командасы аудан көлемінде ІІІ орынға ие болды. Жетекшісі Молдраманов Ерлан. Гандбол жарысынан 9-11-сынып оқушыларының қыздар командасы аудан көлемінде ІІ орынға ие болды. Жетекшісі Абуталипов Ғұламжан. «Алтын сақа» республикалық олимпиадасының аудандық кезеңіне 4-сынып оқушысы Саттарұлы Рамазан қатысып, жүлделі ІІ орынға ие болды.

ПӘН ОЛИМПИДАЛАРЫНДА БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТУДА

Тұрсынхан Айтжанов мектебінің ұстаздары мен оқушылары түрлі пәне олимпиадаларына үлкен белсенділікпен қатысып, түрлі жүлделерге ие болып жүр. Мәселен, «Алтын түлек» олимпиадасының аудандық кезеңінен математикадан 11-сынып оқушысы Ержігіт Сұлтан қатысып, жүлделі І орынға ие болды. «Алтын түлек» олимпиадасының аудандық кезеңінің математика пәні бойынша 10-сынып оқушысы Палмай Ерасыл қатысып, жүлделі І орынға ие болды. Оқушылардың пәндік олимпиадасының аудандық кезеңіне математика пәні бойынша 9-сынып оқушысы Абубакир Ерасыл қатысып, ІІ орынға ие болды. «Алтын түлек» олимпиадасының аудандық кезеңіне математика пәні бойынша 11-сынып оқушысы Мухамеджан Матлуба қатысып, жүлделі ІІ орынға ие болды. «Алтын сақа» олимпиадасының аудандық кезеңіне математика пәні бойынша 5-сынып оқушысы Елібай Бекнұр қатысып, І орынға ие болды. «Алтын сақа» олимпиадасының аудандық кезеңіне математика пәні бойынша 5-сынып оқушысы Әбдікәрім Кәусар қатысып, ІІІ орынға ие болды. Лингвистикалық олимпиаданың аудандық кезеңіне 11-сынып оқушысы Әбдікерім Балнұр қатысып, ІІІ орынға ие болды. Лингвистикалық олимпиаданың аудандық кезеңіне 10-сынып оқушысы Серікбай Жібек қатысып, ІІІ орынға ие болды.

Лингвистикалық олимпиаданың аудандық кезеңіне 9-сынып оқушысы Есенғали Лаура қатысып, ІІІ орынға ие болды. Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған Республикалық олимпиадасының аудандық кезеңіне қатысқан оқушы Серікбай Жібек ІІ орынға, Алмахан Ұлдана ІІІ орындарға ие болды. Оқушылардың пәндік олимпиадасының аудандық кезеңіне қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша 10-сынып оқушысы Сәден Жанерке қатысып, ІІІ орынға ие болды. Оқушылардың пәндік олимпиадасының аудандық кезеңіне қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша 9-сынып оқушысы Қаржау Аянат қатысып, ІІІ орынға ие болды. «Ақберен» байқауына Өтеген Таңшолпан қатысып, ІІІ орынға ие болды. «Ақберен» байқауына 9-сынып оқушысы Ташпулатова Дилдора қатысып, ІІ орынға ие болды. «Махамбет оқулары» байқауына 11-сынып оқушысы Өтеген Азамат қатысып, ІІІ орынға ие болды. Лингвистикалық олимпиадаға 8-сынып оқушысы Әбдіқадыр Данат қатысып, ІІІ орынға ие болды. Оқушылардың пәндік олимпиадасының аудандық кезеңіне қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша 11-сынып оқушысы Арипжан Гаухар қатысып, ІІІ орынға ие болды. Оқушылардың пәндік олимпиадасының аудандық кезеңіне өзбек тілі мен әдебиеті пәні бойынша 11-сынып оқушысы Розмет Патима қатысып, ІІІ орынға ие болды. Оқушылардың пәндік олимпиадасының аудандық кезеңіне өзбек тілі мен әдебиеті пәні бойынша 10-сынып оқушысы Асан Лайло қатысып, ІІІ орынға ие болды. Оқушылардың пәндік олимпиадасының аудандық кезеңіне өзбек тілі мен әдебиеті пәні бойынша 9-сынып оқушысы Ташпулат Дилдора қатысып, ІІ орынға ие болды. Оқушылардың пәндік олимпиадасының аудандық кезеңіне химия пәні бойынша 10-сынып оқушысы Омар Суғдияна қатысып, ІІ орынға ие болды. Оқушылардың пәндік олимпиадасының аудандық кезеңіне биология пәні бойынша 9-сынып оқушысы Мухамеджан Дияна қатысып, ІІІ орынға ие болды. Оқушылардың пәндік олимпиадасының аудандық кезеңіне информатика пәні бойынша 9-сынып оқушысы Қайрулла Мейіржан қатысып, ІІІ орынға ие болды. Оқушылардың пәндік олимпиадасының аудандық кезеңіне информатика пәні бойынша 11-сынып оқушысы Өтеген Азамат қатысып, І орынға ие болып, облыстық кезеңге жолдама алды. Оқушылардың пәндік олимпиадасының аудандық кезеңінде математика пәні 10-сынып оқушысы Палмай Ерасыл жүлделі І орынға ие болып, облыстық кезеңге жолдама алды.

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ МАҚСАТТА 11 ЖОБА БАСТАЛДЫ

Тұрыснхан Айтжанов мектебіндегі оқушылар мен мұғалімдердің шығармашылығын арттыру мақсатында білім ордасында 11 жоба қолға алынып, жүзеге асырылуда. Атап айтар болсақ, «Open Talks» (ашық әңгіме) жобасы. Open Talk ашық сұқбат жобасының мақсаты педгогтердің имиджін қалыптастыру, озық іс тәжірибелерімен бөлісу, оқу үдерісінде қолданылатын әдіс-тәсілдерін көрсету. «Зейін» жобасы. «Зейін» педагогикалық жобасының мақсаты 4,5-9 сынып оқушыларының қоғамда толыққанды жұмыс істеуі үшін қажетті білім мен біліктерінің және функционалдық сауаттылық деңгейлерінің қаншалықты жеткілікті екендігін анықтау, осы жетістіктерге жету үшін мектепте және мектептен тыс білім беру мүмкіндіктерінің әсерін бағалау. «Бес күнделік» жобасы. 5 күнделік жобасы оқушылардың күнделігін толтыру, бағаларын дер кезінде қойдыру, ата-анамен байланыс орнату бойынша жүргізіледі. Биылғы жылы бұл жоба бірінші рет мектепте сынақтан өткізіліп жатыр. «Әжемнің ертегісі» жобасы. «Әжемнің ертегісі» жобасының мақсаты – қазақ халық ертегілерін пайдалану арқылы балаларды туған өлкенің, мемлекеттің мәдениетімен таныстыру. Ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу. «Жас журналист» жобасы. «Жас журналист» жобасы 9-11 сынып оқушылары Сауран ауданындағы мамандық таңдау бойынша жұмыс орындарымен танысу, сұрақ жауап арқылы мамандықтар бойынша толыққанды мәлімет алу. «Интеллектуалды ізденімпаз» жобасы.

«Жас оқырманә жобасы. Бұл оқуға құштар ұлт оқуға құштар мектеп аясында жасалынған. Оқушыларды кітап оқуға баулу, апталық, айлық, жылдық жеңімпаздарды шығару, 1 жылда 400 жуық кітаптар қорғалады және дәріптеледі. «Дода» жобасы, «BATTLE СТУДИЯ» жобасы. «Жасыл мектеп» (Құнарлы топырақ дайындау, Гүлдер алеясын жасау) жобасы басталды. «Speaking club» жобалары қызмет атқаруда. Алдағы уақыттардада жас ұрпаққа білім беру мен саналы тәрбие беруде Тұрсынхан Айтжанов атындағы жалпы білім беретін мектеп ұжымы қазіргі жеткен жетістіктерімен тоқталып қалмақ емес. Ендеше, ұстаз бен шәкірт бастаған жобалардың жүзеге асырылуына ата-аналар да қоғамдық ұйымдар да белсене қатысуда.

Ләззат САРЫБАЕВА.