Start Білім ТҮРКІСТАН: ОБЛЫСТА БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ПРЕЗИДЕНТ БАСТАМАЛАРЫ ЖҮЙЕЛІ ТҮРДЕ ІСКЕ АСУДА

ТҮРКІСТАН: ОБЛЫСТА БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ПРЕЗИДЕНТ БАСТАМАЛАРЫ ЖҮЙЕЛІ ТҮРДЕ ІСКЕ АСУДА

Бүгінде «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы аясында атқарылып жатқан іс-шаралар мен нақты міндеттер жетерлік. Аталмыш жобада жедел шешімдерді талап ететін әрі халықтың мәселелерін шешуге бағытталған шаралары жөнінде бұрынғы ҚР Білім министрі нақты түсіндірген болатын. Осы орайда өзіміздің жергілікті ғалымдарымыздың қазіргі таңдағы өзекті ғылыми бағдарламалар жайлы ойларын айқын білу үшін Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, Биология кафедрасының оқытушысы, техника ғылымдарының кандидаты Индира Оразғалиқызы Аймбетовамен жүргізілген сұхбатты назарларыңызға ұсынамыз. – «Кез келген ұлттың өсіп-өркендеуіне, күш-қуаты мен бақытының дамуына білім беру саласынан артық ештеңе көмектесе алмайды», – деп Т. Джефферсон (АҚШ президенті) айтқандай, әлемнің ғылым мен білім технологияларының жедел дамыған уақытында еліміздің білім саласының түбегейлі өзгерістерді үздіксіз қажет етуі заман талабы екенін түсіну қажет. Осы бағытта бұрынғы Білім министрі А.Аймағамбетов мырзаның басшылығымен орындалған жұмыстардың нәтижелері қазіргі уақыттың өзінде біршама оң көрсеткішке ие болуын мойындау қажет. Бұл әрине менің субъективті ойым, бірақ мен сұхбаттасып жүрген педагогтар қоғамының өкілдерінің көпшілігі осы ойға қосылады. Соңғы жылдары пандемия кезінде білім беру саласына үлкен сынақтарды ала келді.

Ғаламдық кризис білім саласының приоритеттік бағытына заманауи білім беру технологиялдардың және мұғалімнің сапалық қасиеттеріне үлкен өзгерістер қажет екенін байқатты. Оқушылар мектеп қабырғасында емес, үй жағдайында дистанциялық білім алуы педагогтар қауымының іріктелуін, олардың сапалық бағытта деңгейленуін анықтап берді. Яғни, үй жағдайында оқыған балалардың мүғалімнің талабын орындау деңгейі білім саласындағы приоритеттік сананың фундаменталды өзгерісін қажет ететіні байқалды. Себебі білімгерлердің деңгейлері тек қана міндетті тапсырма орындаумен, оның сапалық жағын сипаттаудан бұрын, цифрлық құралдармен тез есеп беру ғана деңгейімен шектелді. Ары қарай ізденіп, оқу туралы түсінік балаларда болмады. Ал кейбір мұғалімдер балаға тапсырма беріп, оның қаншалықты сапамен орындалғанын ескермейтіндері де бар. Тек қана орындалды деген белгі үшін жұмыс істейтін мұғалімдер бар екенін мойындау керек. Осы орайда жасалып жатқан министрліктердің іс-шаралары педагогикалық процес қатысушыларының сапалық деңгейін айқындайтын, заманауи талаптарға сай даму тенденцияларын меңгеретін мұғалім мен білімгерлерге бағытталған шаралар жасалуда. Кез келген әлемдік кризистер түрлі мәселелердің бетін ашып беретіні және жаңа мүмкіндіктерді бағытын айқындайтыны табиғи құбылыс. Сондықтан білім саласында жасалынған іс-шаралар мен олардың орындалуына сипаттама берсек, мысалы академиялық ашықтық пен адалдық мәселесіне көңіл бөлінуі; Алтын белгі иегерлері білім деңгейлерін анықтау үшін Назарбаев зияткерлік мектептерінде емтихан тапсыруы, мектеп оқушысының әлеуметтік-қоғамдық жағдайын анықтайтын  «Балаға  лайық» республикалық акциясының жүргізілуі, мамандандырылған мектептерге түсу үшін әлеуметтік осал отбасылардың балалары үшін жаңа 15% квотаның енгізілуі, орта білім мекемелеріне арналған оқу материалдарының сапалық қасиеттерін сипаттайтын педагогикалық талаптардың жоғарылауы; жоғары білім алуға қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін ауыл мектептерінің түлектері үшін 35% – ға дейін квота деңгейінің жоғарылауы, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар орталықтарының ашылуы, мектептің материалды техникалық базасының жетілдірілуі (халықаралық PISA бағдарламасы нәтижесі негізінде); өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталықтарының қызметі, сондай-ақ ішкі істер органдарында есепте тұрған адамдарды медициналық-әлеуметтік есепке алынуы; әлеуметтік көмектің жаңа түрлері – аз қамтылған отбасылар үшін кепілдендірілген әлеуметтік пакет және көп балалы отбасылар үшін мемлекеттік жәрдемақы енгізілуі тағы сол сияқты іс-шараларды айтуға болады. ЖОО деңгейіндегі жасалып жатқан білім беру деңгейін арттыратын іс-шаралар деңгейі де қарқынды жүруде.

Осы орайда «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы мектепке дейінгі, орта мектептегі және ЖОО бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы аса маңызды бағдарлама. Мұндағы негізгі бес міндет білім беру бағытының барлық саласын қамтиды, яғни, ­­мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың қолжетімділігін және сапасын қамтамасыз ету; орта білім беру сапасын арттыру; мектептерді жайлы, қауіпсіз және заманауи білім беру ортасымен қамтамасыз ету; қолжетімді және сапалы техникалық және кәсіптік біліммен қамтамасыз ету; Қазақстандық ЖОО-ның бәсекеге қабілеттілігін арттыру – еліміздің білім деңгейін арттыруға септігін тигізетіні анық.

«Педагог мәртебесі туралы» Заң өзекті мәселелердің шешімін табуға бағытталған саяси қадамдар, мұнда педагогикалық мамандықтарға оқуға түсу үшін шекті балды күрт арттыру, педагогтерді аттестаттау мен тестілеудің жаңа жүйесін енгізу және жетілдіру, ЖОО түлектерінің кәсіби жарамдылығын айқындау мақсатында білімін бағалау емтиханын тапсыруды міндеттеу, жұмысқа конкурстық қабылдау жүйесін енгізу – білім саласындағы перспективалық атаулы өзгерістер деп айтуға болады. Әрбір бала өзінің жеке ерекшелігіне тәуелсіз, өзінің қабілетіне қарай білім алуға құқылы. Мемлекетіміздің экономикалық жағдайы, адам құндылықтарының деңгейі ретінде әрбір азаматтың, оның ішінде инклюзивті білім алуды қажет ететін әрбір баланың әлеуметтік жағдайын жасаумен бағалауға болады. Посткеңестік кеңістіктегі аумақта біздің елімізде бұл бағытқа аударылған педагогикалық және әлеуметтік көлемі ең жоғары деңгейде. Мысалы көршілес елдерде осы топтағы балаларға педагогикалық көмек деңгейі өте аз жүргізіледі. Кез келген нәтиже салыстырмалы тұрғыда анықталады. Сол себепті пессимисттік көзқараспен сынайтын объектілер осы ұстанымды ұмытпаса деймін. Бұл бағыттағы  жүргізіліп келе жатқан шараларды атасам, инклюзивті білім беруге жағдай жасаған мемлекеттік жалпы білім беру мектептерінің деңгейі жоғарылады, 2021ж. – 74,9%. Бұл саладағы шешімін табуды қажет ететін негізгі мәселелер: инклюзивті білім беру шеңберінде педагогикалық ұжымның дайындығының төмендігі, жеңіл ақыл-ой кемістігі және ақыл-ой кемістігі бар балалар үшін қажетті әдістемелік әдебиеттер мен оқулықтар санының кемшілігі. Ең басты мәселе бұл ерекше білімді қажет ететін балаларға әлеуметтік кедергілерді жою, яғни қазіргі кездегі мектеп, ЖОО деңгейіндегі күрделі психологиялық-педагогикалық ахуалды айтуға болады. Мұнда мектептің академиялық саясаттарын, жұмыс тәжірибесін және қоғамдық сананы қалыптастыратын түрлі тәрбиелік шаралардың жүргізілуін қамтамасыз ету басты орында болу керек. Статистика деңгейлері мен жылдық көрсеткіштерді сараптасақ инклюзивті білім беру жағдайларын жасаған облыстардың ең төменгі деңгейі Түркістан, Қарағанды және Алматы облысын айтуға болады. Әрине, бұл облыстарда оқушылар контингенті де жоғары екенін ескеру керек. Осы топтағы әрбір оқушыға жеке жағдай жасау қиындық туғызады, себебі ерекше білім беру қажетттіліктерге (ЕБҚ) ие оқушылар мен ағымдағы оқу процесіндегі білімгерлерге әдістемелік дайындық үлкен күшті қажет етеді, себебі мұғалім кем дегенде бала санына қатысты соншама білім беру бағытын жасауы керек.