Start Білім ТҮРКІСТАН: ЕЛ БОЙЫНША ЕҢ КӨП МЕКТЕП ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА

ТҮРКІСТАН: ЕЛ БОЙЫНША ЕҢ КӨП МЕКТЕП ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА

Бұл ақпаратты Түркістан облысы Білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы  Жандос Маханбетов  брифингте мәлім етті. Иә,  міне жазғы каникул да өте шықты. Санаулы күндерде елімізде жаға оқу жылы басталып, мектептерде қоңырау сыңғыры қайта  естілер күн таяу. Осы ретте жаңа оқу жылына дайындықтың жайы қалай? Мектептерге жөндеу жұмыстары жасалып,  оқушыларды қабылдауға даяр ма? Осы және өзге сауалдардың жауабын білмекке облыстың бас мұғалімінің баспасөз мәслихатына келген едік.

Спикердің айтуынша, облыс көлемінде  білім беру ұйымдарында жаңа 2024-2025 оқу жылына дайындық жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Қазақстан бойынша білім нысаны ең көп салынып жатқан бірден-бір аймақ — Түркістан өңірі. Бүгінде облыс көлемінде  мектеп саны 1060-қа жетті. Жаңа оқу жылында облыстағы орта білім беру ұйымдарының желісі 1060-қа артты (910 – мемлекеттік,148 – жекеменшік) құрайды. Оқушылардың болжамды контингенті 530 000 оның ішінде 1-сыныпқа қабылданатын балалардың саны-52 593 болды.

КҮРДЕЛІ ЖӘНЕ АҒЫМДАҒЫ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ НӘТИЖЕЛІ МЕ?

Облыс мектептеріне  жергілікті бюджеттен 20 мектептің құрылысы жүргізілуде. Оның 13-і биыл қолданысқа тапсырылады. Өйткені туу және табиғи өсім көрсеткіші жыл санап артуда. Алайда, біраз білім ұйымдары ғимараттарының тозығы жеткені жасырын емес. Өңірде күрделі жөндеуді қажет ететін 121 мектеп болған. Осындай жолдармен 60%-ның мәселесі шешілді. Қалғаны келесі жылы іске асырылады. Өңір басшысы Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен тозығы жеткен немесе апатты жағдайдағы білім ұяларын реттеу, қалпына келтіру, жаңарту жұмыстары қарқынды атқарылуда. Ғимараттардың құрылыс сапасы қатаң бақылауда.

– Облыста 1900-2011 жылдар аралығында пайдалануға берілген 121 мектеп күрделі жөңдеу жұмыстарын қажет етеді. Оған қажетті қаржы көлемінің жалпы сомасы – 80 млрд. теңгені құрайды.

Қазіргі таңда 66 мектептің ЖСҚ-ы дайын (күрделі жөндеуге қажетті қаржы – 50,4 млрд. теңге).2024 жылға 22 мектептің («Ауыл ел бесігі» бағдарламасымен                         7 мектеп (2,7 млрд.теңге),  облыстық бюджеттен 15 мектепке қаржы қаралып                                 (4,9 млрд.теңге) күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге жалпы             7,7 млрд.теңге қаржы қаралды. Сонымен қатар, 3 мектептің (Бәйдібекте – 1 мектеп, Төлебиде 1 мектеп, Түркістан қаласында – 1 мектеп) жеңімпаз мекемелерін анықтау үшін мемлекеттік сатып алу жоспарына енгізілу жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 5 мектеп ағымдағы жылдың                           1-ші қыркүйегіне пайдалануға беру жоспарланған Ал, қалған 17 мектеп келесі жылға өтпелі болып тұр.   Осы       17 мектептің жұмыстарын ағымдағы жылдың 1-ші қыркүйегіне дейін аяқтау үшін 6,3 млрд. теңге қажет. Бұл мәселе шешімін табады деп сенеміз, дейді облыстың  Бас мұғалымының міндетін атқарушы.

Ал, енді Түркістан қаласына келсек. Түркістан қалалық Білім бөлімі берген мәліметтер сүйенсек,  Түркістан қаласы бойынша жаңа оқу жылына дайындық барысында 4 мектепке күрделі жөндеу, 7 мектеп пен 10 балабақшаға ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Күрделі жөндеу – №17 Ататүрік, №7 С.Ерубаев, №31 Абай, №9 Некрасов мектептеріне жүргізу жоспарланған. Аталған мектептерге  күрделі жөндеу жүргізу бойынша мемлекеттік сатып алу басқармасымен 2024 жылдың сәуір айында конкурс жарияланған. Конкурс нәтижесінде жеңімпаз атанған мердігер компанияның  ісі біршама уақыт сот қарауында болды. Қорытындысында жеңімпаз мердігер компания сот шешімімен жұмысты атқарудан шеттетіліп, конкурс нәтижесі бойынша екінші орында тұрған 2 компания жұмысты жүргізу құқығын иеленді. Қазіргі таңда мердігер мекемелермен келісім шарт жасалуда. Алайда, оқу жылының басталуына байланысты(биыл үлгермейтін болғандықтан) жұмыстар 2024-2025 оқу жылы аяқталғаннан кейін жүргізілетін болыпты.

Ағымдағы жөндеу – №22 Б.Момышұлы, №24 М.Шоқай мектептерінің жөндеу жұмыстары аяқталды. №8 Н.Төреқұлов, №12 Қ.Сәтбаев, №26 Әйтеке би, Ш.Ниязов, №13 Ә.Науаи мектептерінде жөндеу жұмыстары жалғасуда. Жұмыстарды аяқтау 29 тамызға жоспарланған.Сонымен қатар, «Балғын», «Балбөбек», «Мереке», «Балапан», «Бөбек», «Болашақ», «Ертөстік» балабақшаларында жөндеу жұмыстары жүргізіліп, толығымен аяқталды. «Гүлдер», «Келешек», «Айгөлек» балабақшаларында жөндеу жұмыстарын жүргізуді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс жарияланды.

«ЖАЙЛЫ МЕКТЕП»  ЖОБАСЫНЫҢ ЖАЙ-ЖАПСАРЫ

«Жайлы мектеп» білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобасы» аясында Түркістан облысында 2023-2025 жылдары жобалық қуаттылығы 49 мың орындық 63 мектеп құрылысын салу жоспарланған. Яғни,  оның 29-ы биыл ашылмақ.

Оның ішінде: 300 орындық – 11 мектеп; 600 орындық – 25 мектеп; 900 орындық – 15 мектеп; 1200 орындық – 6 мектеп; 1500 орындық – 4 мектеп; 2000 орындық – 2 мектеп

2024 жылы пайдалануға берілетін 22 900 орындық 29 мектептің құрылысы аяқталып пайдалануға беріледі. Оның ішінде – Түркістан қаласында – 3 мектеп: 2000 орындық – 2 , 1200 орындық – 1 мектеп; Арыс қаласында – 600 орындық  1 мектеп; Шардара ауданында – 2 мектеп: 1200 орындық – 1; 300 орындық – 1 мектеп;  Сарыағаш ауданында – 4 мектеп: 300 орындық – 1, 900 орындық – 3 мектеп; ал  Бәйдібек ауданында – 300 орындық – 1 мектеп салынып жатса,   Жетісай ауданында – 3 мектеп: 1500 орындық – 1,  900 орындық – 1, 600 орындық – 1 мектеп;   Келес ауданында – 3 мектеп: 600 орындық – 2, 300 орындық –   1 мектеп;- Сайрам ауданында –  600 орындық – 1 мектеп, облыс орталығы Түркістанда – 3 мектеп: 2000 орындық – 2, 1200 орындық – 1  мектеп салынып жатыр.

Аталған 29 мектептің 19-ы ағымдағы жылдың қыркүйек айында, қалған 10-ы желтоқсан айында пайдалануға беріледі деп күтілуде. Соның ішінде  Түркістан қаласында  бұл жоба аясында 3  мектеп салынып жатыр екен. Жоспар бойынша желтоқсан айында беріледі деп күтілуде.

БІЛІМ САПАСЫ БІРІНШІ КЕЗЕКТЕ

Түркістан облысында 2023-2024 оқу жылы жағымды жаңалықтар мен жақсы жетістіктермен аяқталды. Сөзімізге дәлел, Түркістан облысы өткен оқу жылында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы республикалық олимпиадаға қатысушы командалардың сапалық рейтингі бойынша үздік үштікке кірді. Жалпы есеппен Түркістан облысы 2 орынды иеленді. Ал, жарытылыстану бағыты бойынша 4 орын алды. Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы республикалық олимпиадада Түркістан облысынан 30 оқушы қатысты. Оның үшеуі алтын, алты күміс, алты қола медаль алған.                  27 ұпай санымен  бірден Республика бойынша үздік үштіктер қатарынан көрінді.

Өткен оқу жылы балалардың сапалы білім алуы мен білім сапасын арттыру мақсатында ілкімді істер атқарылды.

Бірініші кезекте ауылдық жердегі білім сапасын көтеру мақсатында  2024-2025 жылдары 10 педагогикалық шеберлік арттыру орталығы, 10 жетекші мектеп, ал тағы 5 ауданда «Мобильді мұғалім» жобасы іске қосылатын болады.Сонымен қатар, өткен жылы Жапон еліне барып, тәжірибе жинақтап келген өңір ұстаздары мен әдіскерлері «Lesson study» әдісін сатылап енгізуді және «Ауыл мектебін сапалы басқару» пилотты жобасын жалғастырады. Педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыру мен үздіксіз білім алуын қамтамасыз етуде еліміздегі іргелі жоғары оқу орындарымен меморандум (Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Ясауи атындағы ХҚТУ) түзілді.

Түркістан облысының білім саласындағы сапаны көтеру мақсатында Түркістан облысы әкімдігі мен Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бірлескен Түркістан облысының 2024-2029 жылдарға арналған білім беру жүйесін дамытудың өңірлік жол картасы қабылданды. Сонымен қатар, «Баршаға қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасын Түркістан облысында іске асырудың жол картасы әзірленді. Түркістан облысының білім жүйесін дамыту 3 бағытта жүргізілетін болады. Олар: «Балабақша – жайлылық пен даму аумағы»,  «Әр мектеп – ең жақсы мектеп», «ТжКБб (колледж) – жұмысшы кадрлардыдаярлаудың негізгі буыны».

Сонымен қатар, «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасына енген мектептердің директоры бос тұрған лауазымдарына директор тағайындау кезіңде «Білім берудегі 1000 көшбасшы» кадр резервіне енген педагогтарды тағайындауға басымдық берілетін болады. Сондай-ақ, осы мектептерде жұмыс жасайтын  41- басшылық құрам мен педагог кадрлар Алматы қаласында орналасқан Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде және «Назарбаев Зияткерлік Мектептері ДББҰ» Педагогикалық Шеберлік Орталықтарындаарнайы курстардан  толық өтетін болады.Жоба аясында енгізілетін мектептерде педагогикалық кадрлармен сапалық жағынан қамтамасыз ету мақсатында жұмыспен қамтылмаған «Үздік», «Қызыл диплом» түлектердің тізімін сұратып және жұмысқа орналасуға түсіндірме жұмыстарын жүргізуге ықпал жасау мақсатында «М.Әуезов ат ОҚУ», «Әл-Фараби атындағы» қазақ мемлекеттік ұлттық университеті, «Абай атындағы» қазақ ұлттық педагогикалық университеттеріне хаттар жолданылып, бірлесе жұмыстар атқарылуда.     Осы ретте, жаңадан ашылатын мектептерді немесе облыстағы жалпы мектептерді орындық, парта, тақта және т.б. қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету мен мектептің ішкі бөлігін безендіруде Binom School мектептер желісінің тәжірибесі ескерілетін болады.

 Балалардың соңғы технологиялармен жабдықталған жаңаша сыныптардп білім алуы үшін шағын мектептерді қоспағанда (олар 82) облыстағы 826 мектептің 2 201 арнайы пән кабинеттерімен қамтылған. Оның ішінде: 1 256-сі жаңа модификацияланған пәндік кабинеттер, бұл көрсеткіш – 57%-ды құрайды (физика кабинеті – 444, химия кабинеті – 428, биология кабинеті – 359, STEM кабинеті – 25).

2024 жылы – 305 пәндік кабинет алу үшін облыстық бюджеттен 3,5 млрд.тг қаралып, қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы кабинет саны – 2506-ны құрап, көрсеткіш – 85,6%-ды құрайды деп жоспарлануда. Ал, енді Түркістан қаласындаға білім сапасының жай-жапсары қалай болып жатыр? Осыған тоқтала кетсек.

–Түркістан қаласы педагогтарының біліктілігі мен оқушыларының білімі республикадағы басқа өңірлерден жоғары болмаса төмен емес. Қала мектептері оқушылары облыстық, республикалық білім бәсекелерінде топ жарып келеді. Білім сапасын көтеру бойынша ізденіс жұмыстары үнемі тоқтаған емес. Нәтижесінде жыл сайын білім сапасы мен оқушыларымыздың жетістіктері де жоғарылап келеді. Алдымен бүгінгі білім сапасының жағдайына тоқталар болсам, Түркістан қаласы облыстағы қала және аудандар арасында алғашқы қатардан түспей келеді. 2022-2023 оқу жылында білім сапасы 60% болған болса, 2023-2024 оқу жылының қорытындысы бойынша қала мектептеріндегі оқушылардың білім сапасы 62,4%, орта баллы 4,14 болып отыр. Бұл облыс көлеміндегі ең жоғары нәтиже екендігін де айта кеткенім жөн.

Биылғы жылы орта мектепті 2826 оқушы бітірді. Олардың ішінде 168 оқушы «Алтын белгі», 174 оқушы «Үздік аттестат» иегерлері атанды. Бұл өткен жылғыдан едәуір жоғары көрсеткіш. Ал, пәндік олимпиадалардағы жетістіктерді айтар болсам, 2022-2023 оқу жылында облыстық негізгі олимпиадаларға 114 оқушы қатысып, 77 оқушы жүлдегер атанса, Республикалық олимпиадаға қатысқан 8 оқушының ішінен 7 оқушы олимпиада жүлдесін жеңіп алды. 2023-2024 оқу жылында облыстық олимпиадаларда 143 оқушыдан 99 оқушы, Республикалық олимпиадаларда 10 оқушыдан 7 оқушы жүлделі орындарды жеңіп алды. Сондай-ақ, түрлі деңгейдегі байқаулар мен оқулырда 150-ден астам оқушыларымыз облыстық және республикалық байқаулардың жеңімпазы атанды. Сонымен қатар, педагогтар арасында да жетістіктер аз емес. Мұғалімдер арасында өткізіліп жатқан облыстық, республикалық байқаулар мен фестивалдерде, олимпиадаларда жүлдегер атанып, түркістандық әріптестерінің мақтанышына айналған педагогтарымыздың саны өте көпден асады, – дейді қаланың Бас мұғалімі О.Қолдасова.

БАСТАУЫШТЫҢ БАЛАЛАРЫНА  ЫСТЫҚ ТАМАҚ

«Түркістан облысында интернатсыз білім мекемелерін есептемегенде 881 білім беру ұйымдарында балаларды тамақтандыру ұйымдастырылған (қамту 100%). Бірақ асханалары жоқ мектептер де бар. Яғни, олардың саны  48 (Келесте – 9, Отырарда- 10, Сауранда – 5, Төлебиде – 6, Түлкібаста – 11, Шардарада – 7) мектепте асханалары жоқ. Тамақтануды шешу үшін Сауран ауданындағы – 5 мектепке буфеттік тамақтану, ал 43 мектепте (Келесте – 9, Отырарда- 10, Төлебиде – 6, Түлкібаста – 11, Шардарада – 7) кейтерингпен, яғни тасымалдау арқылы шешіліп отырды. 2024 жылғы тамыз айынан бастап, облыстағы 70 мектептің асханасына құрылыс жұмысын жүргізу және қажетті заттармен қамтамасыз ету үшін мемлекеттік жекешелік әріптестік жобасы арқылы шешіледі, дейді Ж.Маханбетов.

Жаңа оқу жылынан бастап бастауыш сыныпта оқитын 220 920 бала бір реттік тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Оның ішінде, осал топтағы отбасыдан шыққан 60 693 бала, 1-4 сыныптағы 160 227 бала бар. Жалпы облыстағы 881 мектепте балаларды ыстық тамақпен қамту ұйымдастырылған.

Бүгінде өңірде 530 мың оқушы болса, оның 52 593-і биыл 1-сыныпқа қабылданады. Айта кетсек, 2024 жылғы «Мектепке жол» акциясы аясында мемлекеттік білім беру ұйымдарында білім алатын әлеуметтік осал топ отбасынан шыққан 60 693 балаға мемлекеттік қолдау көрсетіледі.

Әтіргүл ТӘШІМ.