Start Білім ТҮРКІСТАН: БІЛІМ ОШАҚТАРЫ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫН БА?

ТҮРКІСТАН: БІЛІМ ОШАҚТАРЫ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫН БА?

Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров ауданға қарасты білім ошақтарының жаңа оқу жылына дайындық барысын тексерді. Алдымен Шаға ауылдық округіне қарасты Молда Мұса атындағы жалпы орта мектебінің ағымдағы жөндеу жұмыстарын қадағалады. Жаңа оқу жылына дайындық мәселесін одан әрі ширата түсу керектігіне назар аударды.

Сауран аудандық білім бөлімінің басшысы Ақмарал Батырбековаға жолығып, білім ошақтарының жаңа оқу жылына дайындығы туралы мәліметтерге қанықтық. Аудандық білім бөліміне қарасты мекемелердің 2024-2025 жаңа оқу жылында 42 мектепте 23116 оқушы оқитын болады. Ағымдағы жылы аудандағы 20 білім мекемесінде жөндеу жұмыстары жүргізілген. Оның ішінде 1 күрделі, 4 ағымдағы жөндеу, ал қалған 15 мектепті жылу жүйесін табиғи газға ауыстыру жұмыстары жүргізілген. Ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген А.Байтұрсынұлы, Қосқорған, Қазыбек би, Молда Мұса атындағы мектептері. Жалпы айтқанда білім бөліміне қарасты мектептер жаңа оқу жылына дайын деуге болады.

Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров ауданға қарасты білім ошақтарының қысқы маусымға дайындық барысын да назардан тыс қалдырмады. Алдымен Шаға ауылдық округіне қарасты Әшірбек Сығай атындағы №13 жалпы орта мектебінің жылу орталығын тексерді. Аудандағы 41 білім беру ұйымдарының жылу жүйесі 40 мектепте дербес жылыту қазандықтары, 1 мектеп сұйық отын арқылы жылытылады. Барлық білім беру ұйымдары сығымдау жұмыстарынан өткізілген. Қатты отынмен жылытылатын 41 мектепке 7565 тонна көмір, ал сұйық отынмен жылытылатын 1 мектепке 80 тонна солярка қаралған. Қатты отын алуға баға ұсынымы бойынша конкурс берілген. Биылғы жылы Молда Мұса мектебіне ағымдағы жөндеу арқылы жылу жүйесі жаңартылуда. Сонымен қатар, 12 мектептің жылу жүйесін газға қосу жоспарланған.

Білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығына келер болсақ, жаңа 2024-2025 оқу жылына қажетті оқулықтар сатып алуға 225,9 млн теңге қаржы қаралды. 17 баспаханамен бір көзден келісім-шартқа тұру тәсілімен келісім-шарт жасалды. Оқулықтар саны 70388 дана. Оқулықтарды арту, тасымалдау жұмыстары 10 тамыздан басталды. Оқушыларға тарату жұмыстары 30 тамызға дейін барлық мектептерге жеткізіледі.

ӨТКЕН ЖЫЛҒА ӨКПЕ ЖОҚ, ЖАҢА ЖЫЛДАН ҮМІТ КӨП

2023-2024 оқу жылының соңында 39 жалпы білім беретін мектептерді 1451 оқушы бітірді. Оның 1154-і ҰБТ тапсырды. Қатысуы – 81,43% . Орта балы 76.58, жоғарғы оқу орнына түсіп, мемлекеттік грантқа ие болғандар саны – 804. Әкімшілік тарапынан берілетін гранттар, Серпін бағдарламасының нәтижелері күтілуде.

Аманкелді мектебі 2024-2025 жылдарға өтпелі күрделі жөндеуге берілді.

Қазыбек би мектебі 1985 жылы пайдалануға берілген. Онда 350 оқушы оқиды. Байтұрсынұлы мектебі 1990 жылы пайдалануға берілген. Қазіргі таңда 820 оқушы білім алуда. Қосқорған мектебі 2018 жылы пайдалануға берілген. Онда 330 оқушы білім нәрімен сусындауда. Молда Мұса мектебі 1984 жылы пайдануға беріліп, қазіргі таңда 1400 бала оқып, білім алуда. Осы аталған мектептерге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мектептердің коридорлары, спорт залдары мен қасбеттерін қырып-сылау, жылу жүйелерін ауыстыру, сынып бөлмелеріне су кіргізу жұмыстары жүргізілді.

Қалған барлық мектептерде әктеу-сырлау жұмыстары жүргізіліп, жаңа оқу жылына дайындық қарқынды жүруде. Жаңа оқу жылына Оранғай ауылынан 150 орындық жалпы білім беретін мектебі пайдалануға беріледі.

«ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ҰЛТТЫҚ ҚАНАТҚАҚТЫ ЖОБАСЫМЕН ЕКІ МЕКТЕП САЛЫНУДА

Қазіргі таңда білім мекемелерінің ішінде мектепке дейінгі дайындық барысында 13 балабақшада 1458 тәрбиеленуші бар. Жалпы мектептердің саны 42 мектепке 23116 оқушы барады. Жаңа оқу жылында аудан мектептеріндегі 1-сыныпқа 2261 оқушы қабылданады деп жоспарланған. Қазірдің өзінде 1959 оқушы оқуға қабылдануға өтініш білдірген. 1822 оқушының өтініші өңделіп, оқуға қабылданды. 27 мектеп – қазақ тіліндегі мектептер болса, 24 мектеп – қазақ-өзбек тіліндегі аралас мектепте екі мектеп – өзбек тіліндегі мектептер болып саналады. Аудандағы мектеп ғимараттарына келер болсақ 35 типтік ғимарат, 42 мектептің жетеуі ыңғайластырылған ғимаратта оқиды.

Жасыратыны жоқ саманды мектептер де бар. Мәселен, Жаңа Иқан ауылдық округіндегі, Ойық елді мекенінде 30 орындық мектеп бар. Үшқайық ауылдық округіндегі Жалаңтөс елді мекенінде Жалаңтөс мектебі 30 орындық болып табылады. Қазіргі таңда шалғай елді мекендердегі мектептерді заманауи мектептермен алмастыруға күш салынуда. Шорнақ ауылдық округінің Аша елді мекенінде Т.Айтжанов атындағы жалпы білім беру мектебінің құрылысы «Жайлы мектеп» Ұлттық қанатқақты жобасы шеңберінде жүзеге асырылуда. Иассы ауылдық округіндегі Еңбекші дихан елді мекенінде Төле би атындағы жалпы білім беру мектебінің құрылысы да «Жайлы мектеп» Ұлттық қанатқақты жобасы шеңберінде жасалуда. Қарашық ауылдық округіндегі Қарашық жалпы білім беру мектебі жекеменшік мектеп шеңберінде пайдалануға берілмек.

Білім мекемесінде жөндеу жұмыстары ағымдағы жылы аудандағы 20 білім мекемесінде жөндеу жұмыстары жүргізу жоспарланған. Жалпы құны-744,2 млн теңге тұрады. Күрделі жөндеу жұмыстарының жалпы құны 421,0 млн теңге. Ағымдағы жөндеу жұмыстарының жалпы құны 30 млн теңге болды. Жылу жүйесін табиғи газға ауыстыру жұмыстарының жалпы құны 293,2 млн теңге тұрады. Төрт мектептің ағымдағы жөндеу жұмыстарына баға ұсынымы бойынша жеңімпаз анықталып, өндірістік кестеге сәйкес тиісті жұмыстар жүргізілді. 12 мектепке газға ауыстыру жұмыстарына баға ұсынымы бойынша мемлекеттік сатып алу порталына берілді.

ОҚУШЫЛАРҒА БІР РЕТТІК ЫСТЫҚ ТАМАҚ БЕРІЛЕДІ

Жалпы білім беру қорынан «Мектепке жол» әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балалардың оқуға дайындығына қолдау көрсету мақсатында 20 тамызға дейін 300 оқушыға, жалпы құны 13 млн теңге көмек берілді. 30 тамызға дейін мың оқушыға, жалпы құны 43,4 млн теңге көмек берілмек. Әр оқушыға шаққанда мектепке әзірлік барысында бір балаға берілетін көмек көлемі кемінде 43407 теңге болып тұр. Жаңа оқу жылында мемлекеттік 42 мектептегі 9252 оқушы бір реттік ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Қаралған бюджет қаржысының көлемі 954,8 млн теңге тұрады. 1-4 бастауыш сыныптағы 8286 оқушы, жалпы құны 825,2 млн теңге тұрады. Осал топ отбасыларынан 966 оқушыға жалпы құны 129,6 млн теңгенің ыстық тамағы берілетін болады. Жекеменшік мектептердегі 1-4 бастауыш сыныптағы 1180 оқушы құрылтайшылар есебінен тегін тамақтанатын болады. Оқушыларды тасымалдауға теңгерімдегі 12 автобус қызмет көрсететін болады. Ол автобустармен 1470 оқушы қатынайды.

Қазіргі таңда, аудандағы мектеп асханаларын мемлекеттік-жекешелік әріптестігі арқылы басқаруға беру тетігі қолға алынуда.

Нәтижесінде асхана жабдықтарын жаңарту мен цифрлық жүйені енгізу мердігерлер есебінен жүргізіледі. Асхана жиһаздарын жаңартуға қайтарымсыз инвестиция құйылатын болады. Қазіргі таңда 10 мектеп мемлекеттік-жекешелік әріптестігі арқылы жұмыс жасайды. (А.Байтұрсынұлы, Т.Айтжанов, Төле би, М.Әуезов, М.Мұса, Ұлықбек, Қос-Қорған, Абай, Қарашық, Тұран). Қалған 27 мектепке конкурс берілген.

БАРЛЫҚ МЕКТЕП ИНТЕРНЕТКЕ ҚОСЫЛҒАН

Балалар қауіпсіздігі, террористік тұрғыда осал нысандар тізбесіне сәйкес, жергілікті полиция басқару орталығына қосылған дабыл батырмаларымен қамту көрсеткіші 100%. Сонымен қатар, білім саласындағы үнемделген бюджет қаржы есебінен облыстағы білім беру мекемелеріне 7608 дана цифрлық камералар алынуда, жалпы құны – 594 млн теңге.

Жаңа оқу жылы қарсаңында арнайы пән кабинеттері 2023 жылы 15 кабинет алынған 4 биология, 4 физика, 3 химия, 4 STEM ал, 2024 жылы 15 кабинет алынған 4 биология, 4 физика, 3 химия, 4 STEM қосылған. Білім беру мекемелеріндегі Интернет жүйесіне келер болсақ 41 мектептік мектептер 100% интернет жүйесімен қамтамасыз етілген.

Мектептердегі Интернет жылдамдығын ретке келтіру мақсатында 2024 жылы облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы арқылы 15 мектепке Starlink құрылғысы орнатылды.

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ЖӘРМЕҢКЕСІ

Сала мамандарына мультимедиялық форматта білім жетілдіретін жаңашылдықтар, менеджменттік арттыру жобалары ұсынылды. Өңірдегі білім беру ұйымдарында «E-асхана», «Е-Кітапхана», «Bilimland» сынды автоматтандырылған жүйелер пилоттық тұрғыда тексеруден өтіп, оңтайлы нәтижесін берді. Жәрмең-кеге «Алақан», «Tolem» жобалары «MATATAlAB» цифрлық кешенді білім беру жүйесі «Io board», «Codrone» робототехникалық құралдары көрсетіліп, түрлі басылымдар мен логикалық «Intellectum» виртуалды ойындары сынды жаңа технологиялар ұсынылды.

Ләззат САРЫБАЕВА.