Start Басты жаңалықтар Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу

Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу

Кентау қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы 1 мектеп-гимназиясы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Омаров Тұрар, Бахалиева Гүлшат, мектеп инспекторы Бектибаев Алмас 5-11 сынып оқушыларына жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және түнгі уақыттарда оқушылардың ата-аналар қарауынсыз жүруінің алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді және мектеп еріктілері түнгі рейдке шықты.

Қоғамның ең өзекті мәселелерінің бірі – қылмыстың,  құқық  бұзушылықтың алдын алу. Бұны бүгінгі таңда  барлық деңгейдегі шенеуніктерден бастап, құқық қорғау органдары қызметкерлері,  ұстаздар  мен  ата-аналар,  азаматтар  да түсінуде.

Құқық  бұзушылық  жөнінде «Құқық бұзушылық дегеніміз – адамның қоғамға, мемле-кетке немесе жеке тұлғаға зиян келтіретін, соңы заң алдындағы жауаптылыққа апаратын құқыққа қайшы әрекеті немесе әрекетсіздігі», — деп көрсетілген. Қоғамда тәртіп орнама-са, ол құлдырайды, яғни  келешегі болмайды. Бұл бәрімізге белгілі және оны жақсы түсі-неміз. Дегенмен, қоғамда қоғамдық тәртіпті бұзуға  бейім  азаматтар да кездеседі және бұл — құқық бұзушылықтың  орын алуына әкеп соқтырады,сондықтан құқық  бұзушылық қо-ғам өміріне  тән  қауіпті  дерт. Құқық бұзушылықтың себептеріне қатысты  ықылым за-маннан осы  күнге дейін  әр түрлі пікірлер айтылып келеді.  Солардың ішінде  құқық-тық   нормаларды   бұзуына   ең  алдымен  әлеуметтік және  биологиялық  жағдайлар  әс-ер  ететінін  байқауға  болады.
Жастар арасында  құқық   бұзушылықтың   алдын  алуға, қоғамдық тәртіпті сақтауға, заңды жауапкершілікті сезінуге  өз  үлесін қосатын,  атсалысатын субъектілердің  бірі — оқу орындары болып табылады. Оқу орнында  жасөспірімнің азаматтық, патриоттық, адамгершілік, салауаттық, құқықтық, мәдени, шығармашылық т.б. қасиеттерін  дамы-ту  және қалыптастыру процесі жүзеге асырылады. Бұл ұжым мүшелеріне   үлкен  жауап-кершілік  пен  міндет  жүктейді.
Құқық  бұзушылық  пен  келеңсіз  жағдайларды  барынша  болдырмау және  алдын алу,оның  зияндылығы мен қауіптілігін түсіндіруде  — өскелең  ұрпаққа  құқықтық тәрбие беру,оның  мақсат – міндеттерін дұрыс түсіндірудің маңызы  ерекше. Құқықтық тәрбие беру жан — жақты  тәрбиелеудің маңызды  бір саласы. «Құқықтық тәрбие  мақсаты – оқу-шыларда құқықтық мәдениет пен құқықтық әрекет – қылық қалыптастырып, оларды  құ-қықтық  заңдылық талаптарын түсінуге әрі мойындауға баулу», — деп анықталған.
Жастарды құқықтық  сауаттылыққа  тәрбиелеу – олардың  қылмысқа ұрынбауына, өзді-гінен өмірдегі мәселелерді шешуде дұрыс шешім қабылдауына, келеңсіз, жағымсыз  жағ-дайлардан  тартынуына,  қоғамға пайдалы іспен шұғылдануларына  жәрдемдеседі.Көп ұлтты тәуелсіз мемлекетті нығайту, өскелең ұрпаққа адамгершілік, патриоттық, азаматтық тәрбие  беру  біздің баршамызға  міндет  екенін өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Құқықтық тәр-биені   ұстаздар қауымы    ата – аналармен, құқық   қорғау органдары қызметкерлерімен, салауаттылық және денсаулық сақтау мекемелерімен, спорттық   ұйымдармен, қоғам-дық  бірлестіктермен  бірлесіп,  тәрбиенің өзге  түрлерімен  байланыстырып  жүйелі  жүр-гізер болса,  нәтижелі  болмақ.Оқу орны мен отбасында  балалар  әлеуметтік іс-әрекеттің алғашқы дағдыларын  қалыптастырып адамгершілік, әдеп,заңды мінез-құлық,  орынды әрекетқылық, құқықтық нормаларды меңгере бастайды. Әлеуметтік нормалардың  негізгі маңызды түрі болып табылатын әдептік нормалардың құқытық сипаты болмағанымен, оның  ережелеріне сусындап өскен бала  әрине қоғамға  зиян келтірмейді, керісінше, өмір-дегі өзінің орнын  тауып, елжанды, саналы азамат болып қалыптасады. Әдептік нормалар құқықтық нормаларға  негіз, арқау болып, белгілі бір дәрежеде адамның ар-ұятын, намы-сын қалыптастыруға, қоғамдық тәртіпті сақтауға ұйтқы болады.  «Құқықтық нормалардың басым көпшілігі әдептік нормалардан нәр алады, соларға арқа сүйейді. Неғұрлым құқық-тық нормаларға  әдептік  нормалар арқау болса, соғұрлым заңдардың әділеттілік, адамгер-шілік мәні жоғары болады»
Құқықтың тәрбие беру баланың жеке тұлғасын қалыптастырып, олардың бойына жоға-ры идеялык пен қоғамдық меншікке қатынасты көзқарасты дарытудың асыл міндеттерін атқарады. Мемлекетіміз жастарға құқықтың тәрбие беру ісіне үнемі маңыз беріп келеді. Қазақстан заңдарына терең құрмет сезімін қалыптастыру, оларды сөзсіз сақтау және орын-дау -ұзақ уақыт тәрбие жұмысын жүргізудің жемісі. Көбіне құқықтық сананың төмендегі, материалдық және рухани игіліктердің не екенін жөнді түсінбеушілік қоғамға жат қылық-тарды туғызады. Сондықтан да әр оқушының санасына құқықтық нормаларды жеткізу, жеткізіп қана қоймай оның күнделікті мінез-құлық нормасына айналдыру үшін күресу құ-қықтық тәрбиенің міндеті болып табылады.
Құқықтың тәрбие негізі отбасынан басталады. Оқушылардың тәртіп бұзуының бір жа-ғы отбасында жатыр. Бізде отбасы әр қилы: маскүнемдікпен күн өткізетін, ұрыс -керістен көз ашпайтын, басқалардың, мемлекеттің есебінен арам жолға барып қалғысы келетін от-басылары бар. Осындай отбасында өскен баланың оқуға, еңбекке қалай қарайтыны өз-өзі-нен түсінікті емес пе? Мұндай отбасында тербиеленген бала өзімшіл болады, қылмыс жа-сауға бір табан жақын тұрады.
Құқық қоғам мен қоғамның әрбір мүшесінің бүкіл өмірін қамтып жатады. Құқықтық мәдениеті төмен дамыған адам тек заңның өрескел бұзылған жағдайында ғана оған зейін аударады да, құқықтық талаптарды мойындамаған көп жағдайларды байқамайды.
Заңды білмеу — құқықтық мәдениеттің елеулі кемшілігі. Заңды білмеу, оны бұзу жауап кершіліктен құтқармайды. Бұл жерде оқушы заң және құқықтық мәдениет ұғымын шатас-тырмау керек. Құқықтық мәдениет оқушыдан жан-жақты құқықтық білімдерді талап етеді. Адамның құқықтық мәдениеті — күрделі психологиялық құбылыс. Бұл құбылыс қоғам-ның, мемлекеттің көптеген маңызды салаларында көрінеді. Ең бастысы адамгершілікті адам тұлғасының сапалық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал жасайтын тәрбие құрал-дарының бірі — орынды тәртіп және мінез-құлық тәрбиесінің жоғары деңгейінде болуы. Сонымен адамның құқықтық мәдениеті дегеніміз — орынды тәртіп пен мінез-құлық, жан-жақты құқықтық білімдері мен заңды құрметтеу, құқықты қорғау іс-әрекетінің терең бірлігі.
Құқықты құрметтеу, әділдікті, борышты, жауапкершілікті, заңдылықты, сезіну — адам тұлғасының жоғарыдан көрінуі. Осыдан келіп заңдылықты сезіну құқықтық мәдениеттің құрамы екендігін түсіну қиын емес.