„Арыс жалпы орта білім беретін мектебі“КММ-нің ДОІЖО К.Турегельдиеваның ұйымдастыруымен „Жаңа мектепке -жаңашыл ұстаз“ тақырыпта бастауыш сынып мұғалімі Есенкулова Гульнар Сериковна 1″А“сыныбында 11- наурыз күні математика пәнінен ашық сабақ өтті. Санды өрнектерді салыстыру,теңдік және теңсіздікті,тура және тура емес теңдік пен теңсіздікті айыра білу,теңдік және теңсіздік құрастыру .Сабақ барысында өткен сабақты „Ақылды тақиялар“ әдісі арқылы сандар мен өрнектерге теңдік пен теңсіздіктер құрады.Қай ұлттың бас кимдері екенін сұрап, жаңа сабақ тақырыбымен байланыстыра отырып аша білді.“Ұлттар биі“арқылы сергіту сәтін орындады. Топтық жұмыста екі санды,сан мен өрнекті, екі өрнектерді салыстырды. Топтар бір-бірін бағалап отырды.Оқушыларға саралау тапсырмалары берілді.“С“ деңгейіндегі оқушыға суреттер бойынша теңдіктер мен теңсіздіктер құрастыру, „В“ деңгейіндегі оқушыларға „Сиқырлы сандарды тап“,“А“ деңгейіндегі оқушыларға суреттер мен қысқаша жазылуы бойынша есептер құрастыру,оларды шығару тапсырмалары берілді.Сабақ соңында „Кемпірқосақ“әдісі арқылы балалар сабаққа кері байланыс жасады. Сабақ өз дәрежесінде өтті.