Start Басты жаңалықтар „Ұлтын ұлықтаған ұлы тұлға“ атты кітап көрмесі өтті

„Ұлтын ұлықтаған ұлы тұлға“ атты кітап көрмесі өтті

Түркістан жоғары көпсалалы, аграрлық колледжінде қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 110 жыл толуына орай «Ұлтын ұлықтаған ұлы тұлға» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандармен танымдық сағат өткізілді. Шара мақсаты қазақ ғылымы тарихында ұлттық әліпбиін  жасап, жаңа үлгі ұсынған реформатор екендігін танытып,  өмірі мен шығармаларынан мағұлматтар берілді.

Ахмет Байтұрсынұлы (5 қыркүйек 1872 жыл, қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Ақкөл ауылы – 8 желтоқсан 1937, Алматы) — қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері.[1] Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі.

Атасы Шошақ оның немересі Ахмет өмірге келгенде ауыл ақсақалдарынан бата алып, азан шақырып атын қойған. Әкесінің інісі Ерғазы Ахметті Торғайдағы 2 сыныптық орыс-қазақ мектебіне береді. Оны 1891 жылы бітіріп, Орынбордағы 4 жылдық мектепке оқуға түседі. 1895-1909 жылы Ақтөбе, Қостанай,Қарқаралы уездеріндегі орыс-қазақ мектептерінде оқытушы, Қарқаралы қалалық училищесінде меңгеруші қызметін атқарады. Ол өте кемеңгер, білімді тұлғаның бірі болған.