Start Басты жаңалықтар КЕНТАУДА: КВОТА БЕРІЛЕТІН БОЛАДЫ

КЕНТАУДА: КВОТА БЕРІЛЕТІН БОЛАДЫ

«Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша квота берілетін болады.Бүгінде елімізде бедеулік дерті белең алып келеді. Сәби үнін аңсаған қаншама отбасы ЭКО-ның көмегіне жүгінуде. Елімізде жұбайлардың 20 пайызы осы мәселеге тап келеді. Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы ЭКО бағдарламасына тегін жолдама беретін шарасын жолға қойған болатын.

Онда«Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында нәрестелі болғысы келетін отбасыларға мүмкіндіктер жасалынады. Бүгінде бұл бағдарлама жүйелі жүзеге асып келеді. Осы орайда, отбасыларға бағыт беріп, «Аңсаған сәби» бағдарламасына жолдама беру мақсатында Кентау қалалық емханасында Шымкент қаласында орналасқан «Есоmed» орталығының дәрігерлері арнайы қабылдау өткізді. Қабылдауға Кентау қаласынан 20-дан аса отбасы қатысып, анализге жолдама алды. Толық тексеруден өтіп болған соң «Аңсаған сәби» бағдарламасына кезекке тұрғызылатын болады. „Кезегі келген соң ақысыз негізде ЭКО жасалынатын болады“ дейді дәрігерлер.