Start Басты жаңалықтар КӨП ТІЛЕГІ КӨЛГЕ АЙНАЛҒАН КҮН

КӨП ТІЛЕГІ КӨЛГЕ АЙНАЛҒАН КҮН

Бүгін отбасымен Түркістанға арнайы келген Жазира Тұрғыноваға облыс басшысы Елбасы атынан 4 бөлмелі баспана сертификатын табыстады. Облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлының қабылдауында болған жанұя мүшелерімен енді өз баспаналары болатындығына қуанышты. Ол үшін осындай мүмкіндік сыйлаған Мемлекет басшысына, облыс әкімдігіне алғыстарын білдірді. «Елбасы кеше ғана Жастар форумын өткізді. Оның ішінде республика бойынша ең жас көпбалалы ана ретінде Жазира Мұхтарқызының қатысқаны белгілі. Көбалалы ана болу – үлкен мәртебе, екіншіден еліміздің адами ресурстарын көбейту. Облысымызда 30-35 жас аралығындағы көпбалалы аналар саны 134 мыңға жуықтайды екен. Әр бала дара тұлға. Сондықтан бүлдіршіндеріміз ертеңгі күні ел үшін қызмет етер азамат болып өседі деген сенімдемін»,-деді өңір басшысы. Күн-көріс қамымен Шымкент қаласында жалдамалы пәтерде өмір сүріп келген шаңырақ иелері енді Төлеби ауданында газ, су, барлық керекті инфрақұрылыммен жабдықталған 4 бөлмелі үйге қоныстанбақ. Сонымен қатар, жас батыр анаға үш айлық қысқа курста степендиямен оқып, мамандық алу мәселесіне де көмек берілетін болды. Жұбайымен төрт ұл, үш қызды тәрбиелеп отырған отағасы Олжас Әбілдәбековтың мұндай қамқорлыққа өз ризашылығын білдірді. Балақайларға да сый-сияпат жасалып, естелік суретке түсті. Түркістан қаласынан арнайы автобуспен жолға шыққан отбасыны Төлеби ауданының әкімдігі күтіп алмақ.