Кентау қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімі, психологиялық қызмет саласының ақпан айындағы жұмыс жоспарына сәйкес, 2022 жылдың 25 ақпанда Әл – Фараби атындағы №14 мектеп-гимназия базасында «Біз өмірді сүйеміз, бақытты өмір сүреміз!» тақырыбында қалалық семинар өткізілді. Семинарды мектеп педагог-психологтары С.Нұржанова, Ж.Мирзакулова жүргізді.
Семинардың мақсаты: Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу, жасөспірімдердің өмірге көзқарасын қалыптастыру, психологиялық сауаттылығын нығайту. Семинарға аталған мектептің 10 сынып оқушылары, ата-аналар және бөлімге қарасты білім беру мекемелерінің педагог-психологтары қатысты. Оқушыларға өмір құндылықтарын кеңінен таныту, өмірге деген құштарлығын дамыту, өмірдің мәнін түсінуге арналған «Сынық қарандаш», «Өзіңе сын көзбен қара» жаттығуы және би терапиясы жүргізілді. Жүргізілген жаттығулар оқушыларға өмір ұғымын түсіне отырып, өмірде кездесетін жағдайларды саралап, қабылдай білуге үйретері мол шаралардың бірі болды.
Әрбір адам – өмірге келген қонақ. Өмір өте мәнді, мағыналы, мазмұнды өтуі үшін «қамшының ғана сабындай қысқа» өмірде адамдардың бір – бірімен сыйластықта болуы керек.
Жан – жағымызға мұқият қарасақ, айналамызда күйбең тіршілік жүріп жатыр. Адамдар еңбек етуде, жұмысқа бара жатады, жұмыстан қайтып жатады. Демалады, қонаққа барады, алға қойған мақсаттарына жетіп, басқа бір мақсаттар қойып жатады. Кейбіреулер болса қайғы – мұңды бастарынан өткеріп жатады. Ал, кейбіреулер не үшін өмір сүріп жүргендерін, қиындықтардан қалай құтылу керектігін білмей өмірден түңіліп жатады. Бұл – өмір. Қақтығыстары мен қиындықтары көп осынау өмірде адамдар бір – біріне және өздеріне мейіріммен қарап, ізгі ниетпен жақсылық жасай білу керек. Сол қиындықтарды жеңу жолдарын іздеп, алға қойған мақсаттарына жете білулері әркімнің өзіне байланысты.