Start Басты жаңалықтар „Біз бақытты баламыз“атты қалалық тәжірибелік семинар өткізілді

„Біз бақытты баламыз“атты қалалық тәжірибелік семинар өткізілді

Кентау қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес «Қазақстанға 30 жыл атындағы №3 көп салалы мектеп гимназия» базасында „Оқуға құштар мектеп“ жобасы аясында „Біз бақытты баламыз“атты қалалық тәжірибелік семинар өткізілді. Семинарды мектеп директоры У.Байменов ашып, кітапханашыларға сәттілік тіледі. Семинар барысында С. Салишева семинардың мақсатымен таныстырып, мектеп психологі М.Ташпулатова «Танысу» тренингін өткізді. 5 сынып және мектеп алды даярлық топ оқушылары «Біз бақытты баламыз» тақырыбында өлең жолдарын арнады. «Ойлан, ізде, тап!» интеллектуалды кітапханалық сабақта QR код арқылы кітаптарды табу және «Бақытты балалық» тақырыбында постерді қорғады. «Балалық шаққа шолу» мультфильм кейіпкерлерін дауысқа салды. Оқушылар өте керемет әсерде болды.

Кітап – адамзат баласының баға жетпес асыл құндылығы. Білім мен мәдениеттің биік белестеріне жетелейтін – тәрбие құралы. Шығыс ойшылы Науаи: «Кітап – ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына» десе, Абай атамыз «Танымның бар тамашасы – кітапта, оған қол жеткізу үшін кітап оқудан жалықпа», «Артық ғылым кітапта, ерінбе оқып көруге» деп насихаттайды. Мағыналы сөздерден кітап оқудың кез келген тұлғаны дамытудың қайнар көзіе кенін түсінесің. Халықтың осындай жан азығынан, рухани байлықтан қол үзіп бара жатқандықтан, мемлекет тарапынан дабыл қағылып жатыр. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев: “Кітап оқу – рухани кемелденудің көзі. Қазіргі уақыт – секунд сайын жаңарған ақпарат заманы. Алтын уақытымызды пайдалы істерге жұмсағанымыз жөн”, – деп әр тұлға оқуға тиіс деп санайтын отыз таңдаулы кітаптың тізімін ұсынған болатын. Қазір осы бағытта маңызды бағдарламалар жасалуда. Адамзат ақыл-ойының жиынтығы- кітапта болса, білім – соны сақтайтын қазыналы сандық. Сол сандықтағы байлықты қалай алуға болады? Кітап әлеміне баланы қалай енгізуге болады? Әрине, бұған «Табысты оқу» жобасы көмекке келеді.