Start Басты жаңалықтар

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ҚАЛАЛЫҚ КЕЗЕҢІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Оқушылардың пәндік олимпиадасы дарынды оқушылардың ғылымға және білімге қызығушылығын арттырудың тиімді нысандарының бірі болып табылады.Осы орайда 2022 жылдың 12 наурыз күні Кентау қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен, Кентау оқушылар үйінде оқушылардың дарындылық қасиеттерін дамыту, қолдау мақсатында Республикалық пәндер олимпиадасының қалалық кезеңінің І орын иеленген жеңімпаздарымен кездесу өткізді. Кездесуде 49 олимпиада жеңімпаздары мен жетекшілері Кентау қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімінің мадақтамаларымен марапатталды.