Құрылысы қарқынды жүріп жатқан тұрғын үйлердің сапасына аса ден қоятын облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев құрылысшылармен жүздесіп, жұмыс барысын тексерді. Түркістан қаласы әкімшілік-іскерлік орталығында 89 көпқабатты тұрғын үйдің (350 мың ш.м., 5600 пәтер) құрылысы мемлекеттік бюджет есебінен жүргізілуде. Жыл қорытындысымен 7 қабатты 24 тұрғын (92,2 мың ш.м, 1452 пәтер) үй, пайдалануға тапсыру жоспарлануда. Оның ішінде: кезекте тұрған әлеуметтік осал топтарға және көпбалалы отбасыларға (450 пәтер), кезекте тұрған мемлекеттік қызметкерлеге кредиттік тұрғын үй (1002 пәтер) тапсыру жоспарланған.
Түркістан шаһарын көркейту, экологиялық жағдайды жақсарту үшін қарқынды жұмыс жүріп жатқаны белгілі. Аймақ басшысы сапаға мән беріп, уақыт үнемдеу мақсатында енгізілген гидроегу жұмыстарын тексерді. Абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын бақылады.
⠀