Тәуелсіздік күні – ғасырлар бойы азаттық аңсаған халқымыздың өшкені жанып, ең асқақ арманы орындалған күн. Бұл күн – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Осыдан 30 жыл бұрын Қазақстан Республикасы өз мемлекеттігін жариялап, бүгінде әлем таныған, өзгелермен терезесі тең, зайырлы, құқықтық-демократиялық іргетасы берік мемлекеттер шоғырына қосылды.
Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Ел тарихындағы елеулі мереке кезінде құр даңғаза мен ысырапшылдыққа жол беруге болмайтынын, әрбір шараны елге пайдасы тиетін нақты істерге ұластыру қажет екенін. Экономика, әлеуметтік сала, білім, ғылым және басқа да бағыттар бойынша тың жобалар қолға алынатынына тоқталды.»
Осы орайда, бүгін қала әкімінің орынбасары Р.Айтбаевтың төрағалығымен, құқық қорғау органдарының, дербес бөлімдер мен мекеме басшыларының және қызметкерлерінің қатысуымен, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Арыс қаласының 65 жылдық мерекелерінің жоғары дәрежеде атап өту бойынша мәжіліс өтті.
Мәжіліс барысында мерекеге орай бекітілген іс-шаралар жоспарының орындалуы мен алдағы атқарылатын жұмыстардың барысы талқыланды.
Мәжіліске қатысушылар күн тәртібіндегі мәселелер бойынша өз ойларын ортаға салып, тиісті бөлімдер мен мекемелерге тапсырмалар берілді.