2021 жылғы 31 наурызда «Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы» тақырыбында Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің (бұдан әрі–Түркі кеңесі) бейресми саммиті бейнеконференция арқылы өтті.Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен кездесуге Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы, Түркі кеңесінің Құрметті Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев, Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев, Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров, Түркия Республикасының Президенті Реджеп Тайип Ердоған, Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев, Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердымухаммедов және Мажарстанның Премьер-Министрі Виктор Орбан, сондай-ақ Түркі кеңесінің Бас хатшысы Бағдат Әміреев қатысты.Түркі кеңесі мемлекеттерінің басшыларыКөктемгі күн мен түннің теңелуіне сәйкес келетін, табиғаттың жаңаруы мен жаңа өмірдің басталуын білдіретін Наурыз мейрамын атап өтіп;Әзербайжан Республикасын, Қазақстан Республикасын, Қырғыз Республикасын, Өзбекстан Республикасын және Түрікменстанды алдағы тәуелсіздіктің 30 жылдығының қайта қалпына келтірілуімен құттықтап және 1991 жылы түркітілдес мемлекеттердің тәуелсіздігін алғашқы болып мойындағаны үшін Түркия Республикасына алғыс білдіріп;Соңғы онжылдықтарда түркітілдес мемлекеттер қол жеткізген айтарлықтай саяси және әлеуметтік-экономикалық прогрессті атап көрсетіп, Түркі әлеміндегі көпжақты қарым-қатынастардың дамуын жоғары бағалап және түркі мемлекеттері арасындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге нық бейілділік танытып;Әскери оккупациядан Әзербайжан Республикасы аумағының азат етілуін жоғары бағалап және Армения-Әзербайжан жанжалының аяқталуын қошеметтеп;Түркі әлеміндегі берік ауызбіршілікті барынша тығыз ынтымақтастық үшін ұзақ мерзімді пайымдар мен мақсаттар қоюға және стратегиялық бағдарды тұжырымдауға бел байлағандығын растай отырып;Түркі кеңесінің құрылғаннан бергі құнды жетістіктерін атап өтіп және оның түркі әлеміндегі интеграциялық үдерістерді қамтамасыз етудегі рөлін арттыруға және түркі әлемінің құндылықтары мен мүдделерін өңірлік және халықаралық аренада одан әрі ілгерілетуге ниетті екенін растай отырып;Халықтарының игіліктеріне бейбітшілік, тұрақтылық, қауіпсіздік пен гүлденуіне үлес қосу құралы ретінде көпжақты экономикалық ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтіп;Күллі Түркі әлемі халықтарының бірігуіндегі Түркістан қаласының рухани маңыздылығын мойындап;Қожа Ахмет Яссауи ислам құндылықтарын насихаттайтын түркі мектебінің негізін қалаған және бүкіл түркі әлемінде философияның дамуына зор ықпал еткен көрнекті және рухтандырушы тұлға ретінде қалдырған мұрасын жоғары бағалап;Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесін құру туралы Нахчыван келісімі аясында Ұйымға мүше мемлекеттердің шоғырландырылған ұстанымын әзірлеу мақсатында Түркі әлемінің мүдделерін қозғайтын өңірлік және халықаралық мәселелер бойынша консультацияларды жалғастырудың маңыздылығын атап өтіп.
Төмендегілер туралы мәлімдеді:
1. Түркістан қаласын Түркі әлемінің рухани астанасы деп жариялады. Болашақта ротациялық негізде Түркі әлемінің өзге де әйгілі көне шаһарларына осы іспеттес мәртебе беруге мүмкін болатыны туралы келісті және Хатшылыққа Мүше мемлекеттермен бірлесе аталған мәселе бойынша ережені 2021 жылы күзде Түркияда өтетін Түркі кеңесінің 8-ші саммитінің қарсаңында Сыртқы істер министрлері кеңесінің қабылдауы үшін әзірлеуді тапсырды;
2. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы, Түркі кеңесінің Құрметті Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркі кеңесінің атауын өзгерту жөніндегі бастамасын қолдады және Сыртқы істер министрлері мен Хатшылыққа 2021 жылы күзде Түркияда өтетін Түркі кеңесінің 8-ші саммитіне қол қою үшін тиісті құжаттарды әзірлеуді тапсырды;
3. Хатшылыққа «Түркі әлемінің келешегі-2040» және «Түркі кеңесінің 2020-2025 стратегиясының» алғашқы жобаларын дайындағаны үшін алғыс білдірді және мүше мемлекеттердің тиісті органдарына өздерінің тиісті ұлттық ішкі рәсімдері шеңберінде Түркиядағы келесі саммитте бекіту мүмкіндігі мақсатында оларды Хатшылықпен бірлесіп дайындауды тапсырды;
4. Әзербайжан Үкіметі және халқымен бірге қақтығыстардан зардап шеккен аумақтарды оңалту, қалпына келтіру және қайта біріктіруге олардың күш-жігеріне ниеттестігін білдірді және бір-бірінің егемендігі, аумақтық тұтастығы мен халықаралық танылған шекараларының мызғымастығын өзара құрметтеу және мойындау негізінде Армения мен Әзербайжан арасындағы қарым-қатынастардың қалыпқа келуін қолдады;
5. Түркі кеңесіне қол жетімді үлкен мақсаттар қоюға, стратегиялық маңызы бар өңірлік жобаларды, атап айтқанда көлік, кеден, энергетика және инфрақұрылым саласындағы жобаларды қолға алуға және жүзеге асыруға мүмкіндік беру үшін экономикалық бағыттың маңыздылығын атап өтті;
6. Атақты ақын және мемлекет қайраткері Әлішер Науаидің түркі халқына сіңірген еңбегін, Түркі әлемінің әдебиеті, өнері, әлеуметтік-экономикалық, ғылыми және мәдени өмірінің дамуына қосқан үлесін бағалап, сондай-ақ осы жылы оның 580 жылдық мерейтойының кеңінен атап өтілуімен байланыстыра отырып, Түркі кеңесі аясында Әлішер Науаи халықаралық сыйлығын тағайындауға келісті;
7. Түркі әлемінің әдебиеті, өнері, ғылымы мен мәдениетінің дамуына үлкен үлес қосқан Түркі әлемінің аса көрнекті ақындары, ойшылдары мен мемлекет қайраткерлеріне Жүсіп Баласағұнның 1005 жылдық, Низами Гянджеуидің 880 жылдық, Юнус Емре мен түрік тілінің жылы, Әлішер Науаидің 580 жылдық, Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық, Әлихан Бөкейханның 155 жылдық және Хусейн Карасаевтың 120 жылдық мерейтойларын атап өту үшін мүше мемлекеттердің тиісті органдарына Түркі ынтымақтастық ұйымдарымен бірлесе отырып келісілген іс-шаралар өткізуге тапсырма берді;
8. Соңғы Саммит өткен уақыттан бері Түркі кеңесі Хатшылығының қызметіндегі маңызды жетістіктерді жоғары бағалады.Мемлекет басшылары Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы, Түркі кеңесінің Құрметті Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Түркістан бейресми саммитін өткізу бастамасы үшін және Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа осы кездесуде талқылауларды нәтижелі қорытындыларға келтіргені үшін терең алғыс білдірді.2021 жылы 31 наурызда бейнеконференцияда әзербайжан, қазақ, қырғыз, түрік және өзбек тілдерінде қабылданды.