Start Әлеумет ТҮРКІСТАНДЫҚ ОБЛЫСЫНДА 200-ДЕН АСТАМ ЖҮРГІЗУШІ АРМЕНИЯЛЫҚ КӨЛІКТЕРІН ТІРКЕДІ

ТҮРКІСТАНДЫҚ ОБЛЫСЫНДА 200-ДЕН АСТАМ ЖҮРГІЗУШІ АРМЕНИЯЛЫҚ КӨЛІКТЕРІН ТІРКЕДІ

Түркістан облысында 200-ден астам жүргізуші армениялық көліктерін тіркеп, арнайы сары нөмірлерді алды. Бұл жайында Түркістан облысы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Алмасхан Тастанбеков айтты.
Үкімет қаулысына сәйкес, ҚР азаматтарына Армениядан 2020 жылдың 1 ақпанына дейін әкелінген, рөлі сол жақта орналасқан көлік құралдарын тіркеу басталған болатын. Ол үшін үш төлем жасалады. Төлемнің жалпы сомасы 11 мың 946 теңгені құрайды. Айта кетерлігі, армениялық көліктерді 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін тіркеуге болады.
Түркістан облысы полицейлері Армениядан әкелінген көлікті тіркеу ережелерін түсіндіру үшін Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында Call-орталығы күн сайын сағат 09:00-ден 19:00-ге жұмыс істеуде.
Одан бөлек, Армениядан әкелген көліктерін басқа біреуге сатып жіберіп, таппаған жағдайда азаматтарға полицейлер көмектесетін болады. Яғни ҚР ІІМ деректер базасы арқылы табуға жәрдем көрсетеді.