Start Басты жаңалықтар ТҮРКІСТАНДА ҚАУІПСІЗДІК ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ШАРАЛАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

ТҮРКІСТАНДА ҚАУІПСІЗДІК ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ШАРАЛАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Түркістан облысы Полиция департаментінің ұйымдастыруымен облыс орталығы Түркістан қаласында «Қауіпсіз қала» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Облыстың Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері қала көшелерінде құқықтық тәртіпті сақтау, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, «мүлдем төзбеушілік» қағидаты бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау мақсатында жұмылдырылып, іс-шараны атқаруда.
            Жұмылдырылған жасақтардың күшімен іс-шара 26 шілденің таңғы сағат 9:00-ден басталып бір ай бойы жүргізіледі.
«Бүгінгі күн сенбі болғандықтан облыс орталығында халықтың қарасы өте көп.   Сондықтан көп жағдайда осындай демалыс күндері құқық бұзушылықтар көбірек орын алып жатады. Алғашқы күнінде тұрғындар тарапынан бұл іс-шараға байланысты түсінбеушіліктер орын алып, заң бұзушылықтар байқалған болатын. Алайда он қадам сайын тұрған полиция қызметкерлері оларды тоқтатып заң аясында түсіндірмелер мен ескертулер ғана жасады. Әзірге халық іс-шараға толық үйренбегендіктен айыппұл салып жатқан жоқпыз. Негізі мұндай іс-шара кезінде заң бұзушылықтар орын алып жатса міндетті түрде айыппұл салынуы тиіс.
Бұл шара адамдардың қауіпсіздігі үшін жасалып жатқан шаралардың бірі. Алдағы күндері мұндай шаралар белгіленген уақыттарда өткізіліп тұратын болады.» – дейді іс-шараның басы қасында жүрген Түркістан қалалық полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Данияр Мейірхан.