Түркістан облысы Түлкібас аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен әсем табиғатымен ерекшеленетін, Түркістан облысы мен Шымкент шаһары тұрғындарының сүйікті демалыс аймағының біріне айналған «Машат» шатқалында эко сенбілік өтті.
Шара барысында аудан әкімі экологиялық акцияға белсенді қатысып, баға жетпес қазынамыз саналатын табиғатымызды аялап, қастерлеуге ат салысқан ерікті жастар мен мекеме ұжымдарына алғысын білдірді. Сенбілік нәтижесінде жеті жарым шақырым күре жол бойы түрлі қоқыстан тазартылып, қап күл-қоқыс жиналды. Арнайы техника күшімен қоқыс тастайтын орынға тасымалданды. Айта кетерлік, аталмыш акция «Әз-Наурыз» мерекесінің күндік іс-шара жоспарындағы «Табиғат күніне» орай ұйымдастырылу керек болатын. Алайда, ауа-райының қолайсыздығынан кейінге шегеріліп, бүгін, көктемнің алғашқы мамыражай күнінде ұйымдастырылып отыр.