Start Әлеумет ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА АНАЛАР САЯБАҒЫ БОЙ КӨТЕРУДЕ

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА АНАЛАР САЯБАҒЫ БОЙ КӨТЕРУДЕ

Бір қолымен бесікті, ал екінші қолымен әлемді тербеткен аналар, бар әлемдегі ең аяулы, ең әдемі, ең ардақты, ең сүйкімді, ең сүйікті жандар. Олай дейтін себебіміз, ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы.

Бүгінгі таңда Түркістан облысы Түлкібас ауданына қарасты Түлкібас кентінде аналарға сый-құрмет пен айрықша ықыластын нысаны ретінде «Аналар саябағы» бой көтеруде. Ағымдағы жылдың тамыз айында бастау алған саябақты абаттандыру жұмыстары желтоқсан айында аяқталып, ел игілігіне пайдалануға берілмек.

Бұл жерден саябақтың ашылуы кент тұрғындарына үлкен қуаныш сыйлағалы отыр. Себебі, айналасы толығымен аббаттандырылған саябақ аумағында балалар ойын алаңшасы мен стритворкаут бой көтеріп, таза ауада серуендеуге барлық жағдайлар жасалынбақ.

Халық игілігі үшін бой көтеріп жатқан бұл нысан, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында қойылған міндеттерді орындаудың бір көрінісі-деп білеміз.