Start Әлеумет ТҮРКІСТАН: ҚОР COVID-19 ЖӘНЕ ПНЕВМОНИЯМЕН АУЫРАТЫН НАУҚАСТАР ҮШІН 52 МЫҢ ТӨСЕК-КҮНДІ ҚАРЖЫЛАНДЫРДЫ

ТҮРКІСТАН: ҚОР COVID-19 ЖӘНЕ ПНЕВМОНИЯМЕН АУЫРАТЫН НАУҚАСТАР ҮШІН 52 МЫҢ ТӨСЕК-КҮНДІ ҚАРЖЫЛАНДЫРДЫ

Т

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры коронавирус пен пневмонияға шалдыққан науқастарды емдеу үшін наурыз-маусым аралығында еліміздің стационарларына 842 мың төсек-күнге 8,6 млрд теңге төледі. Ал, осы кезеңде Түркістан облысы бойынша 52 мың төсек-күн 597,3 млн теңгеге қаржыландырылды, деп хабарлайды “Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры” КЕАҚ баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, Түркістан облысы бойынша келесі деректерді ұсына отырып, оларды республикалық деректермен салыстырғымыз келеді. Айта кету керек, наурыз айымен салыстырғанда, маусым айында республика бойынша жұмысқа тартылған төсек-күн саны 8 есеге, жұқпалы аурулар – 26 есеге, Түркістан облысы бойынша төсек-күн саны 24 есеге, инфекциялық аурулар – 4 есеге артты.
Түркістан облысында провизорлық стационарлардағы төсек-күн саны наурыз айымен салыстырғанда маусым айында айтарлықтай өсті, яғни, наурыз айында 558-ден маусым айында 13 386 төсек-күнге дейін. Республика бойынша провизиялық стационарлар бойынша: наурыз айындағы 21 мыңнан 100 мың төсек-күнге дейін өскен.
Төсек-күн төлеміне пациенттің стационарда орны, аурудың диагностикасы мен емі кіреді.
Қазақстандықтарға медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту үшін Қор шілде айында медициналық ұйымдар үшін тарифтерді арттырды.
Енді Қор тарапынан провизорлық стационарда әрбір төсек-күн үшін өтеу 1 төсек-күн үшін 21,9 мың теңге; тәулік бойы стационарларда болу үшін – 32,2 мың теңге; науқасты Анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде емдеу үшін – 1 төсек-күн үшін 70 мың теңгеге жуық қаржы бөледі.
Медициналық сақтандыру қорында аталған қызметтерге тарифтің артуы қор жеткізушілерінің санын кеңейтуге, коронавирус пен пневмония бар науқастарды емдеуге жеке ауруханаларды белсенді тартуға және стационарлардағы медициналық көмектің сапасын ынталандыруға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта медициналық сақтандыру қоры 304 инфекциялық/провизорлық стационарлармен орындау/бірлесіп орындау шарттарын жасасты. Оның ішінде, Түркістан облысы бойынша 30 инфекциялық / провизорлық стационарлармен шарт жасалды.
Covid-19 емдеуге тартылған стационарлардағы төсектердің толымдылығы күн сайынғы негізде мониторинг жүргізіледі. Бұл көрсеткіш жергілікті атқарушы органдар жұмысының индикаторы болып табылады. Өңірдегі төсек қорының 70 пайызы толған жағдайда, резервтен қосымша төсек ашу бойынша шаралар қабылдануда.
Соныменен қатар, 2020 жылғы 4 шілдедегі №104 қайта қараудың 10 клиникалық хаттамасына сәйкес аурудың симптомсыз және жеңіл түрімен ауыратын науқастарды тұрғылықты жері бойынша аумақтық емханалардың учаскелік дәрігерлері бақылайды. Ал, стационарлық емдеуге орташа ауыр және ауыр Сovid-19 нысаны бар пациенттер ғана жатқызылады.
Сондай-ақ, амбулаториялық деңгейде медициналық көмекке қол жеткізу мақсатында емханалар жанында Мобильді бригадалар құрылды, олар үйде медициналық қызметтер кешенін көрсетеді, оның ішінде дәрігер қарауы, емдеуді тағайындау, рецепттер жазу, манипуляциялар жүргізу және т.б. Сонымен қатар, үйде стационар ұйымдастыру көзделеді.